Аймақтар • 16 Тамыз, 2019

Түркістан: Састөбеде спорт кешені пайдалануға берілді

229 реткөрсетілді

Түркістан облысы Түлкібас ауданына қарасты Састөбе кентінде 240 адамға есептелген «Ер Жәнібек» атындағы денешынықтыру - сауықтыру спорт кешені ашылды.

Кешен 454 млн. теңгеге мемлекеттік - жекеменшік әріптестік шеңберінде аудан әкімдігі, облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы мен «ТұранСпортГруп» ЖШС-нің үш жақты келісімі аясында салынған. Спорт кешенінде бокс, дзюдо, үстел теннисі, баскетбол, еркін күрес және басқа да спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік жасалған. Сондай-ақ, киім ауыстыратын, душ қабылдайтын және бапкерлер мен медбикелерге арналған бөлмелермен жабдықталған. Айта кетелік, бүгінгі таңда Түлкібас ауданында 4 мемлекеттік спорт мектебі және бір спорт клубы халыққа қызмет көрсетеді. Мұнда спорттың 16 түрінен үш мыңға жуық жас спортпен шұғылдануда.

Кешеннің ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Н.Тұрашбеков жиналған қауымды спорт күні мерекесімен және кент тұрғындарын жаңа ғимараттарымен құттықтап, спорт саласын дамыту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. Салтанатты жиынға арнайы келген Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков, Түркістан облысы денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Полат Қырықбаев, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы Махамбет Сапарбаев құттықтау сөз сөйлеп, ыстық лебіздерін білдірді. Сондай-ақ спорт кешенінің ашылу салтанатына орай бокстан облыс біріншілігі өтіп, жеңімпаздар марапатталды.

 

Түркістан облысы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Қоржында – тағы бір қола

Спорт • Бүгін, 10:01

Байланыс беки түседі

Қоғам • Бүгін, 09:59

Халық өмірінің құбылнамасы

Әдебиет • Бүгін, 09:57

Алпыс жеті жылдан бергі досым

Руханият • Бүгін, 09:49

Мал ұрлығы мазалап тұр

Қоғам • Бүгін, 09:32

Бетің ашылмасын

Қоғам • Бүгін, 09:30

Жақсының қадірі жоғалмасын

Қазақстан • Бүгін, 09:28

«Таза сессия» акциясы басталды

Қазақстан • Бүгін, 09:25

395 мың тонна дизель отыны бөлінді

Экономика • Бүгін, 09:23

Президент пен парыз

Президент • Бүгін, 09:14

Елбасының елдік жолы

Қазақстан • Бүгін, 09:05

Digital InWest форумы өтті

Экономика • Бүгін, 08:51

Ұзынжалдың ұзын да қысқа жолы

Аймақтар • Бүгін, 08:48

Қорқыт ата кітабы

Руханият • Бүгін, 08:35

Сүмбіленің «салқыны»

Қазақстан • Бүгін, 08:34

Ұқсас жаңалықтар