Қазақстан – биік беделді ел
Бейсенбі, 13 маусым 2013 2:22
Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Словакия Ұлттық Кеңесінің Төрағасы Павол Пашкамен кездесіп, парламентаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.
Бұл спикерлердің парламентаралық деңгейдегі алғашқы кездесулері болып табылады. Жүздесу барысында тараптар Қазақстан-Словакия ынтымақтастығының өзекті мәселелерін сөз етіп, екі елдің сауда-экономикалық және әлемдік саясаттағы өзара қимыл-әрекетіне баса назар аударды.

Нұрлан Нығматулиннің атап өткеніндей, бүгінгі күні Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік қоғамдастық үшін маңызды және ауқымды бастамаларының арқасында біздің еліміз маңызды мәселелер талқыланатын халықаралық үнқатысу алаңына айналып отыр.
Павол Пашка Президент басшылығымен биік беделге ие болған Қазақстанның даму қарқынын өте жоғары бағалады. «Сіздердің елдеріңіз барлық деңгейде өзіндік салмағы бар, даму қарқыны бүкіл әлемнің назарынан тыс қалмайтын ел», – деді мәртебелі мейман.
Парламентаралық ынтымақтастық тақырыбына да жеке көңіл бөлініп, екі ел спикерлері салалық парламенттік комитеттер мен достық топтары арқылы заңнамалық органдар арасындағы ықпалдастықты кеңейтуге қызығушылық білдірді.
Тараптар біздің елдер ынтымақтастығын одан әрі, әсіресе, парламентаралық деңгейде табысты дамытудың мүмкіндігі зор екеніне сенім білдірді, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.