Биыл сәуір айында құрылысы басталып, күні кеше пайдалануға берілген автовокзал Кентау қаласына қарасты Шаға ауылында орналасқан.
Шығыс үлгісінде салынған, 600 автобусқа арнайы 15 тұрақ қарастырылған. Тәулігіне 10-мың адамға дейін қызмет көрсете алады. Жаңа вокзалана мен бала, дәрігерлік бөлмесімен,күту залы, асхана, тынығатын орындармен қамтылған. Сондай-ақ автовокзал аумағында барлық стандартқа сай автокөлік жуу орны, техникалық қызмет көрсету орындарын ашу жоспарланып отыр.
Автовокзалдан күнделікті 30 бағыт бойынша 50-ден астам автобус жолға шығып, Ташкент, Самарқанд, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және өзге де облыстарға, қалаларға, аудан орталықтарына арналған бағыттар бойынша халыққа қызмет көрсетеді. Түркістандық 30-дан астам тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылады.
Жаңа автовокзалды қала ішілік тұрақты бағыттар желісімен байланыстыру үшін қосымша 5 қалалық жаңа бағыттың қозғалыс сызбалары бекітілген. Сондай-ақ 7 тұрақты бағыттың қозғалыс сызбалары осы автовокзалғадейін ұзартылған.
Түркістан облысы