15 Маусым, 2013

Сайлауды өткізу мәселелері талқыланды

358 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Сайлауды өткізу мәселелері талқыланды

sebtrСенбі, 15 маусым 2013 1:08

Биылғы жылдың тамыз айында алғаш рет өткелі отырған аудандық маңызы бар қалалар, ауылдық округтер, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттер мен ауылдар әкімдерінің сайлауы елдің қоғамдық-саяси өміріндегі елеулі оқиға болғалы тұр.

 

Сенбі, 15 маусым 2013 1:08

Биылғы жылдың тамыз айында алғаш рет өткелі отырған аудандық маңызы бар қалалар, ауылдық округтер, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттер мен ауылдар әкімдерінің сайлауы елдің қоғамдық-саяси өміріндегі елеулі оқиға болғалы тұр.

Сондықтан оны біліктілікпен ұйымдастыруға байланысты шаралар бұл күнде өңірлерде жан-жақты жүргізілу үстінде. Кеше Қа­ра­ғандыда аудан, қала әкімдері, аудандық, қалалық мәслихаттардың хат­шылары, аудандық, қалалық сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылары, облыстық сайлау комиссиясының мүшелері, құқық қорғау, салық органдары өкілдерінің қатысуымен өткен семинар-кеңес осы мәселеге арналды.

Бұл басқосуға Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов келіп қатысты. Оны облыс әкімі Бауыржан Әбдішев ашып, аймақтағы дайындық жұмыстарымен таныстырды. Жиналғандар алдында Қуандық Тұрғанқұлов сөз сөйлеп, аталған деңгейдегі сайлаудың ма­ңызына тоқталды. Сондай-ақ ұйым­дастырылуы мен өткізілуі талапқа сай болу үшін барлық буынның ортақ мақсаттағы бірлескен қимылы мен жоғары жауапкершілігі қажеттілігін атады. Ауылдық округтер мен шағын кенттер әкімдерін сайлау науқанының ашықтық жағдайында болуына және таза өтуіне барынша мүмкіндік жасалуы қажеттігіне баса назар аудартты.

Семинар-кеңесте Ортсайлауком басшысы алдағы сайлау науқаны барысында барлығы ауылдық округ құрамына кірмейтін Қазақстан Рес­­­публикасының аудандық маңы­зы бар қалаларының, ауылдық округ­тері­нің, кенттері мен ауылдарының 2458 әкімі, яғни елдегі барлық әкім­дердің жалпы санының 91,5%-ы сайланатынын атап өтті. Сайлау өткізуге тікелей 160 аудандық және 28 қала­­­­­­­лық аумақтық сайлау комиссиясы қатысады. Олардағы сайлау комиссиялары мүшелерінің саны 1316 адам­ды құрайды. Сайлау науқанында таң­даушылар ретінде 188 мәслихаттан 2602 депутат қатысады. Әкімдікке кан­дидаттар ұсынуды аудан әкімі жергілікті қоғамдастықпен консультациялардан кейін балама негізде жүзеге асырады. Осы консультация­ларды жүргізу тәртібі қағидаларда көрсетілмейді.

Бүгінде үміткерлердің өмірбаяны мен еңбек жолы жұртшылыққа таныс­тырылуда.Олар әрқайсысын жақсы білулері, дұрыс таңдау жасай алулары керек. Бұл бағыттағы іс-шаралар тағы да осындай жиындар арқылы ширатыла түседі. Сайлаулар өткізу жөнінде ұйымдастырушылық қабілеті мен тәжірибесі мол Ерқара Аймағамбетов жетекшілік ететін облыстық сайлау комиссиясы осы жолы жүктелген мін­дет биігінен көрінетіндігіне сенім білдірілді.

Тамыз айының басында өтетін сайлауға жергілікті жұртшылық ықы­ласы күннен-күнге өсіп отыр.

Айқын НЕСІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

 ҚАРАҒАНДЫ.