Біздің міндет – патриоттар тәрбиелеу
Бейсенбі, 10 қаңтар 2013 7:19
Елбасы Н.Назарбаев Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасын ұсынып, еліміздің жасампаздық жолын жалғастырудың басым бағыттарын айқындап берді. «Біздің мақсатымыз – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру», деп атап көрсетті Елбасы. Демек, мықты мемлекет қана экономикалық жедел өсу жағдайын қамтамасыз ету үшін аса маңызды болмақ.
Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауының мәні де, маңызы да ерекше.
Бейсенбі, 10 қаңтар 2013 7:19
Елбасы Н.Назарбаев Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасын ұсынып, еліміздің жасампаздық жолын жалғастырудың басым бағыттарын айқындап берді. «Біздің мақсатымыз – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру», деп атап көрсетті Елбасы. Демек, мықты мемлекет қана экономикалық жедел өсу жағдайын қамтамасыз ету үшін аса маңызды болмақ.
Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауының мәні де, маңызы да ерекше. Онда ұлттық экономика, қоғамдық тұрақтылық, әлеуметтік кепілдік, жеке жауапкершілік, ұлт денсаулығы, мемлекеттік тіл және қазақстандық патриотизм және басқа да маңызды мәселелерге баса назар аударылады. Осыған орай Ішкі әскерлердің Қолбасшылығы мен жеке құрамы Елбасының Жолдауымен мұқият танысып шықты. Біздің Ішкі әскерлеріміздің еліміздің жетістігі мен қазақстандық патриотизмге қосар үлесі – күнделікті жауынгерлік міндеттерін абыроймен орындау, деп атап көрсетті Жолдауды қолдау сөзінде Ішкі әскерлердің Қолбасшысы генерал-майор Р.Жақсылықов. – Қазіргі уақытта Ішкі әскерлердің тиімділігін арттыруға баса көңіл бөлінуде. Жақында әскердің басқару органдарына өзгерістер енгізіледі. Бригадалық басқару жүйесінің өңірлік басқаруға көшетіндігіне байланысты, оңтайлы басқару құрылымы құрылатын болады. Елбасының Жолдауын қолдай отырып Әскери институттағы оқу-тәрбиелік процесті, әскердің жауынгерлік әзірлігін жетілдіруді жалғастыра түсеміз, деді ол.
Ішкі әскерлер қырағылық пен батылдық таныта отырып өздеріне жүктелген міндеттерді абыроймен орындап келеді. «Өмірде ерлікке әрқашан орын бар» – қанатты сөзін әскердің жеке құрамы өзінің қажырлы еңбегімен дәлелдеуде. Еліміз Тәуелсіздігінің 21 жылдығына орай Елбасының Жарлығымен әскери борыштарын абыроймен орындап, батылдық пен ерлік көрсеткені үшін бірқатар ішкі әскердің әскери қызметшілері мемлекеттік марапаттарға ие болды. Атап айтқанда, Ішкі әскерлер Қолбасшысының орынбасары, генерал-майор Альберт Маткаримов ІІ-дәрежелі «Даңқ» орденімен, Ішкі әскердің арнайы мақсаттағы «Бүркіт» жасағының бастығы Павел Коваленко ІІ-дәрежелі «Айбын» орденімен, осы жасақтың өңірлік бөліністерінің командирлері мен олардың орынбасарлары Мақсат Әбеуов, Ержан Байжанов, Ернар Ерекешев және Рысбек Мақашевтар «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды.
Сондықтан «Ерлік дегеніміз – Ішкі әскерлердің күнделікті жауынгерлік қызметі» деп Президент айтқандай, ерлікті насихаттау жұмыстары өзінің жалғасын табады. Бір сөзбен айтқанда, Ішкі әскерлеріміздің Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерді орындауға өздерінің бар күш-жігерін жұмсайтынына сенім мол.
Әбдісадық ЕРЕЖЕПОВ,
Ішкі әскерлер Қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, полковник.