Аймақтар • 20 Тамыз, 2019

Саланы қолдау жайы назарға алынды

142 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева Алматы қаласына жұмыс сапары аясында Балаларды ерте оңалту орталығына барып, ондағы еңбек ұжымымен кездесті.

Саланы қолдау жайы назарға алынды

Кездесу барысында Мә­жі­лістің негізгі заңшығарушылық қыз­меті, мемлекеттік бағдарла­ма­лардың іске асу жайы баян­далып, міндетті әлеуметтік сақ­тандыруға қатысты мәселелер көтерілді.

Іс-шараға Алматы қаласы Қо­ғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшылары мен қалалық мәслихат депутаттары, партияның қалалық филиалының өкілдері және т.б. қатысты.

Ұйым қызметкерлері өз тара­пынан денсаулық сақтау сала­сындағы ақпараттық жүйелер, қоғамдық көлік мәселесі, бас­панамен қамтамасыз ету және жалақы мәселесіне қатысты сауал­дарын қойды.

– Жұмыс сапары аясында біз Балаларды ерте оңалту орта­лы­ғына келдік. Бұл оңалту орта­лығы балаларымызға өте қажет. Алматының өзінде осын­дай төрт орталық бар. Мәселе­лерді Nur Otan партиясымен бірлесе қарастырып, орталық ап­па­ратқа жолдаймыз және Мәжі­лісте, Үкімет аясында көте­реміз. Орталықта 65 бала бар, жағ­дайлары жақсы. Міндетті түрде тек қана қалада емес, аймақтарға да барып жүрміз. Сайлаушыларға барған кезде түрлі сұрақтар туындайды. Әсіресе әлеуметтік төлемдер, жер, баспана  мәселесі көтеріледі. Былтыр денсаулық сақтау сала­сында жалақы 30%-ға көте­рілді. Енді мұғалімдерге жағдай жаса­лып жатыр. Олардың жала­қы­сы 4 жылдың ішінде екі есеге көтерілетін болады, – деп атап өтті З. Балиева.

Сондай-ақ кездесуде бала­лар­дың кешенді көмек алуға мүм­кіндігі болуы үшін осындай ор­талықтардың көп салалы ба­ғытқа ауысуы қажет екендігі атап өтілді.

Кездесу соңында Алматы қа­ласы Қоғамдық денсаулық сақ­тау басқармасы басшысының орынбасары А.Бисенбаева және орталық директоры Н.Төлекова ұжым атынан З.Балиеваға орта­лыққа келіп, әлеуметтік және денсаулық сақтау салаларындағы реформаларды түсіндіргені үшін алғысын білдірді.  

Орталық 75 балаға арналған. Балалар 15 күн­нен ем алып, оған 3-тен 7 жасқа дейінгі балалар қабылданады. Орталықта медициналық қыз­мет­кер­лерден басқа балалар­мен ұстаздар, логопедтер мен психологтар жұмыс істейді.  Со­нымен қатар орталықта арнайы сенсорлы бөлмеде сөйлеу қа­білеті төмен балаларға жеке жә­не топтық сабақтар ұйымдас­ты­ры­лады.

 

АЛМАТЫ