20 Тамыз, 2019

Қостанайлық сақшылар үш бірдей жарыста топ жарды

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысы полиция департаментінің қызметкерлері бірнеше спорттық бәсекеде жүлделі болып, әлем чемпионатына жолдама алды. Бұл туралы ПД бастығының БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңесшісі Елена Кашарина хабарлады. 

Қостанайлық сақшылар үш бірдей жарыста топ жарды

Бірінші және ең маңызды жеңіс Ақтау қаласында тіркелді. Жедел қимылдау арнайы жасағының (ЖҚАЖ)  инспекторы, полиция аға лейтенанты Айбек Мұқашев 91 кг дейінгі салмақ дәрежесінде екінші орынды иеленіп, Босния және Герцеговина елінде өететін әлем чемпионатына қатысатын болды.

Келесі жеңіс халықаралық дәрежедегі бәсекеде тіркелді. Жекпе-жек бойынша «Ресей-Магнитогорск қаласы Қазақстан-Қостанай қаласына қарсы» атауымен облыс орталығының 140 жылдығына орайластырылған турнир өтті. ЖҚАЖ инспекторы, полиция аға лейтенанты Аманбек Жаманқараев 63 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, осы турнирдің жеңімпазы атанды. Ол бұл спорт түрімен бала кезінен айналысып келеді, бүгіндері халықаралық дәрежедегі спорт шебері. А. Жаманқараев ақтық бәсекеде Ресей чемпионы Антон Шайдровпен кездесіп, бұл жекпе-жекте сенімді жеңіске жетті.

Үшінші жеңіс Қостанайда өткен ушу-саньда спорт түрінен тіркелді. 70 келі салмақ дәрежесінде өткен жарыста Қайрат Жүкенов жеңіске жетті.

Спортшылардың жаттықтырушысы, полиция майоры Қуаныш Бабақаевтың айтуынша, бөлімшенің спорттық жеңістері күнделікті спорттық жаттығулар мен тәртіптің арқасында.

Бөлімше командирі, полиция майоры Жәнібек Мұхамеджанов бөлімшенің кестесінде спорттық жаттығуларға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.

Қостанай облысы ПД бастығының орынбасары, полковник Ардақ Ынтықбаев жарыстардың жеңімпаздарын жеке құрамның алдында марапаттады.

 

 

____________________________________________________________________

Соңғы жаңалықтар