Бұрын жаңа көлікті автосалоннан рәсімдеген кезде мамандандырылған ХҚО-ға бару керек еді. Енді автосалонда мемлекеттік корпорацияның бір қызметкері жұмыс істеп, есепке қою операцияларын жүзеге асырады. Көліктің техникалық құжаты мен мемлекеттік тіркеу нөмірі дайын болған сәтте оны салонға курьер жеткізіп береді.
Әзірге бұл қызмет Нұр-Сұлтан қаласындағы Mercedes-Benz автосалонынан көлік сатып алатындар үшін қолжетімді. Таяу арада бұл жоба, сондай-ақ Алматы облысының Талғар ауданындағы AsterAuto автосалонында іске қосылатын болады.