Экономика • 20 Тамыз, 2019

Жеміс-көкөніс өнімдері өндірісін арттыру үшін барлық экономикалық жағдайлар жасалған - АШМ

289 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров ҚР Үкіметінің алаңында өткен брифинг аясында азық-түлік тауарларына бағаны тежеу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.  

Жеміс-көкөніс өнімдері өндірісін арттыру үшін барлық экономикалық жағдайлар жасалған - АШМ

С. Омаровтың айтуынша, азық-түлік тауарларына бағаның өсуіне жол бермеу үшін ҚР АШМ өндіріс көлемі мен егіс алқаптарының артуына жауап береді.

«Біз алдын-ала болжам жасап отырмыз, оған сәйкес биыл біз қазіргі уақытта белгілі бір бағаның өсуі байқалып отырған өнімдердің 10 түрі бойынша өндірісті 2-2,5 есеге арттырамыз», деді министр.

Мысалы, пияз бойынша биыл егіс алаңы 32,8 мың га құрайды, бұл 2018 жылғы деңгейден 4,1 га немесе 12,5%-ға (28,7 мың га) артық. Болжамдық жалпы жиын-терім 918 мың тоннаға жуықты құрайды, бұл тұрғындардың қажеттілігін толық өтейді. 

Сәбіз бойынша биыл егіс алқабы өткен жылғы деңгейде және 20,6 мың га құрайды, болжамдық жалпы жиын-терім 567,1 мың тоннаға жуық, бұл тұрғындардың қажеттілігін толық өтейді. 

Картоп бойынша егіс алқабы 191,3 мың га құрайды, болжамдық жалпы жиын-терім 3,7 млн тоннаға жуықты құрайды, бұл тұрғындардың қажеттілігін толық өтейді. 

Жалпы, көкөніс-жеміс өнімдері бойынша 2021 жылға қарай орта есеппен бір жарым есеге алқаптарды кеңейту және өндірісті ұлғайту жоспарланған. 

Күріштің егіс алқабы өткен жылғы деңгейде және 101,9  мың га құрайды. Болжамдық жалпы жиын-терім 482 мың тонна, бұл тұрғындардың күріш дақылына қажеттілігін толық өтейді. 

Сиыр еті бойынша ішкі қажеттілік бүгінде 97,7%-ға өтеліп отыр, құс еті бойынша — 50%. Осы екі бағыт бойынша салалық бағдарламалар әзірленіп, бекітілген.  

Сиыр еті бойынша 2021 жылға қарай өндірісті 500 мың тонна сиыр етіне дейін өсіру көзделген. Ішкі қажеттілік 100% өтелді. 2021 жылға қарай құс еті бойынша өндірісті 300 мың тоннаға дейін жеткізіп, ішкі қажеттілікті толық өтеу жоспарланған.