Аймақтар • 21 Тамыз, 2019

Бауыржан Байбек қоғам белсендісі Баян Жалмағанбетованы қабылдады

26 реткөрсетілді

Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек көптен бері партия мүшесі болуды армандап жүрген ақтаулық қоғам белсендісі Баян Жалмағанбетованы арнайы қабылдап, оған партиялық билетін салтанатты түрде тапсырды.

Баян Жалмағанбетова елімізде мүмкіндігі шектеулі жандардың мүддесін қорғап, әлеуметтік желілер мен басқа да алаңдарда осы мәселені жиі көтеріп жүрген белсенділердің бірі. Өзі де тағдырдың сынағына тап болғанымен, оған еш мойымай, алға ұмтылып, игі істерімен танылып келеді. Алдағы уақытта осы бағыттағы бастамаларын Nur Otan партиясымен бірлесіп жүзеге асыруды мақсат тұтқан ол партия мүшесі болуды көптен бері көздеп жүрген.

Сондықтан да өткен жұма күні Нұр-Сұлтан қаласындағы «Бәйтерек» монументі маңында партия Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбекпен кездейсоқ кездесіп қалған кезде бірден осы ойын жеткізген. Сол кезде партия Төрағасының Бірінші орынбасары алдағы уақытта арнайы кездесіп, партияға салтанатты түрде қабылдайтынын айтқан еді.

партия

– Сол кезде берген уәдемізге байланысты бүгін уақыт бөліп, өзіңізбен арнайы кездесіп отырмыз. Nur Otan партиясы осыдан 20 жыл бұрын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев құрған еліміздегі жетекші саяси күш. Сол уақыттан бері партия халқымыздың бірлігі мен ел іргесінің беріктігін қамтамасыз етіп келеді. Сондықтан қатарымызға өзіңіз сияқты еліміздің ертеңіне бей-жай қарамайтын, нағыз патриот азаматтарды қабылдаймыз, – деген Бауыржан Байбек қазіргі таңда партия жұмысын қайта жандандыру ісі қарқынды жүргізіліп жатқанын және алдағы уақыттағы бағыт-бағдарын тілге тиек етті.

Сонымен қатар ол өмірде түрлі қиындықтар мен сынақтардың болатынын, ондай кезде адам сағы сынбай, алдына нақты мақсаттар қойып, соған талпыну қажет екенін айтып, Баян Жалмағанбетованың белсенділігі барша қазақстандықтарға үлгі екенін жеткізді.

– Біздің партия қиындықтарға қарамастан жолдан жаңылмай, арман-мақсатына жету жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан сіз сияқты азаматтарды қолдайды. Бұл – партия Төрағасының тікелей тапсырмасы. Сондықтан біз сіздің қатарымызға қосылып, партия мүшесі атануыңызды зор қуанышпен қабылдаймыз. Соған байланысты бүгін өзіңізді арнайы қабылдап, партиялық билетіңізді салтанатты жағдайда тапсыруды ұйғардық, – деді Бауыржан Байбек.

Өз кезегінде Баян Жалмағанбетова партия Төрағасының Бірінші орынбасарына жеке қабылдап, зор қошемет көрсеткені үшін шексіз алғысын білдіріп, Nur Otan партиясының мүшесі атанғанына ерекше қуанышты екенін жеткізді.

– Бұл менің көптен бері ойлап жүрген арманым болатын. Өйткені Елбасы партиясының әлеуметтік бағыттағы бастамаларды табысты жүзеге асырып келе жатқанын және мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға арналған «Кедергісіз келешек» жобасының бар екенін жақсы білемін. Сондықтан өзім осы партияның мүшесі болып, еліміздегі мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жағдайын жақсартуға партиямен бірге өз үлесімді қоссам деймін, – деді Б.Жалмағанбетова.

Сондай-ақ ол кездесуде өзінің ұсыныстарына тоқталып, келешекте мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту, оқыту және психологиялық қолдау көрсету орталығын ашқысы келетінін айтты.

Айта кетейік, Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауларының бірінде Nur Otan партиясына еліміздегі мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру жұмыстарын қолға алуды тапсырған болатын. Соның барысында кедергісіз орта қалыптастырып, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың кәсіпкерлікпен айналысуына жағдай жасау мәселесіне ерекше басымдық берді. Осыған орай партия 2014 жылдан бері «Кедергісіз келешек» жобасын жүзеге асырып келеді. Жоба аясында аталған азаматтарды жұмыспен қамту, олардың қоғамдық және әлеуметтік өмірге белсенді араласуына жағдай жасау, инклюзивті білім алу ісін дамыту, құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету және тағы да басқа өзекті мәселелер оң шешімін тауып келеді.

Сонымен қатар қабылдау барысында осы салада белсенді еңбек етіп жүрген азамат Жәнібек Орынбасаровқа да партиялық билеті салтанатты түрде тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар

Жүз жыл

100 • Бүгін, 06:27

Инвестиция – даму даңғылы

Аймақтар • Бүгін, 05:49

Арымас абырой

Руханият • Кеше

Көнеден келген көнек

Руханият • Кеше

Шымбұлақ шаңғы маусымын ашты

Қысқы спорт • Кеше

Атбасар

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар