Қазақстан • 21 Тамыз, 2019

«Мен – Қазақстаннанмын» видеоблогерлер бәйгесіне 200-ден аса видеожоба келіп түсті

17 реткөрсетілді

Қазақстандағы Жастар жылы аясында «A kind heart» қоғамдық бірлестігі «I’m from Qazaqstan» атты видеороликтер бәйгесін ұйымдастыруда.

Еліміздің барлық аймағынан бәйгеге қатысуға 969 өтініш келіп түскен. 233 қатысушы тақырыпқа сәйкес видероликтер түсіріп жіберген. Финалға 15 қатысушы іріктеліп алыныпты.

Конкурсқа қатысқан жобалардың 40% Алматы қаласынан, 13% Нұр-Сұлтан қаласынан, қалғандары Өскемен, Шымкент, Семей, Ақтау, Қарағанды, Бурабай, Қостанай, Түркістан және басқа да қалалар мен ауылдардан келіп түскен.

Қатысушылардың видеоролкитерін Қазақстан және шет елден келген танымал блогерлерден тұратын қазылар алқасы бағалайтын болады.

Бас жүлде - 1 000 000 теңге, екінші орын иесі – 500 000 теңге, ал үшінші орын иесі 300 000 теңге алады. Сонымен қатар елімізде ТЖ және авиа билеттер сату бойынша көшбасшы Авиата компаниясы бір жеңімпазға арнайы сыйақы дайындады. Жеңімпаздарды құттықтау салтанатты рәсімі 24-25 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Қазақстанды таны» атты халықаралық блогерлер форумында өтеді.

Бәйге қорытындысы бойынша финалға жеткен қатысушылар Қазақстандағы YouTube компаниясының ресми өкілімен келісімшартқа отырып, өз арналарының даумына қатысты мамандардың кеңестерін алады.

Бәйге шарты бойынша қатысушылар өздерінің туған қалалары немесе ауылдары туралы қысқаша видеоролик түсіруі керек. Өз туындысында туған жері туралы, оның қызықты немесе маңызды жерлері туралы баяндап, туған жерінің туристер үшін қандай қызықтары бар екендігі туралы айтып беруі қажет болатын. 

Іс-шараны ұйымдастырушылар "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен "A kind heart" қоғамдық бірлестігі.

Жобаның стратегиялық серіктестері - еліміздің ең ірі интернет БАҚ – "Internet Portal NUR" ЖШС, Қазақстандағы Youtube-тің ресми серіктесі - "Power Media" ЖШС және туризм саласындағы Қазақстанның бренд-менеджері болып табылатын "Kazakh Tourizm" ұлттық компаниясы. Жоба демеушісі  «GALANZ bottlers» компаниясы Sevens суымен.

Жоба Қазақстандағы Жастар жылы аясында жүзеге асырылуда және дарынды жастарға көмектесу, елдегі туризм мен бейнеблоггингті дамытуға бағытталған.

Бәйге мен форум туралы толық ақпарат openqazaqstan.kz сайтында.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Импорттан не ұттық?

Экономика • Кеше

Лисаковтың «Бәйтерегі»

Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2019

Гобелен – текті өнердің туындысы

Руханият • 20 Қыркүйек, 2019

«Мәдени қабат» жойылған жоқ

Қоғам • 20 Қыркүйек, 2019

Шахмардан тербелген талбесік

Руханият • 20 Қыркүйек, 2019

«Жоғалмайсың, жоқтаушы халқың барда...»

Руханият • 20 Қыркүйек, 2019

Аймақтың экспорттық мүмкіндігі артуда

Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2019

Көк айдында көршілер жаттығуда

Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2019

Банктер артық ақшаны жасырып отыр ма?

Экономика • 20 Қыркүйек, 2019

Бұқара қамын ойлаған басшы

Қоғам • 20 Қыркүйек, 2019

Оқу мәдениеті

Қоғам • 20 Қыркүйек, 2019

Өзбек туризмі ояна бастады

Қоғам • 20 Қыркүйек, 2019

Алаштың айбоз абызы

Руханият • 20 Қыркүйек, 2019

Сотты жетілдіру мәселесі талқыланды

Парламент • 20 Қыркүйек, 2019

Қазақстан – Қытай: жаңа кезең

Саясат • 20 Қыркүйек, 2019

Қыста қысылмаймыз ба?

Қоғам • 20 Қыркүйек, 2019

Несие аз, жабылған кәсіпорындар көп

Экономика • 20 Қыркүйек, 2019

Халық пікіріне құрмет

Саясат • 20 Қыркүйек, 2019

Әңгіме өзегі – әдебиеттің ертеңі

Руханият • 20 Қыркүйек, 2019

Ұқсас жаңалықтар