Жеделдік қажет
Жұма, 18 қаңтар 2013 7:53
Латын әліпбиіне көшу мәселесі қазір уақыт күттірмес міндетке айналды деуге болады. Жаhандану белең алған қазіргі кезеңде әлемнен оқшауланып қалмау және дүниежүзі жұртшылығымен тығыз бірлікте болу үшін ЛАТЫН әліпбиіне көшу ауадай қажет. Сондықтан, бізге қандай әліпби керек деген сауалға көп бас қатырудың де қажеті жоқ, бұл сауалға берілер жауаптың басы ашық. Ең дұрысы, халықаралық компьютер тіліне сай келетін әліпби жүйесін алғанымыз жөн. Мұндай әліпби жүйесінде арнайы белгілер қоюдың керегі де болмайды.

Түркия мен Еуропада өмір сүретін қазақтар үшін латын әліпбиі таңсық дүние емес. Көзімізді осы латыншамен ашып келеміз. Біз әлемдегі қазақтар бір әліпбиді қолданса деп тілейміз. Егер қосымша белгілермен беріліп жатса оны да тез үйреніп ала аламыз. КОМПЬЮТЕРЛІК ӘЛІПБИ-ді қолдану барлық елдегі қазақтар үшін барынша ыңғайлы әрі тиімді болмақ.
Латын әліпбиіне көшу үшін мемлекеттік комиссия құрылады деп естідік. Елбасы стратегиясында, сондай-ақ, жақында өткен зиялы қауыммен кездесуінде де осы мәселе айтылды.
Мен Еуропа қазақтары атынан аталмыш комиссияға қатысуға дайынмын. Бұл комиссияда Қытай, Өзбекстан, Моңғолия қазақтарының да өкілдері болғаны жөн. «Келісіп пішкен тон келте болмас» дейді атам қазақ. Ендеше, маңызды іске көп болып, атсалысып, оны жедел жолға қойғанымыз жөн, ағайын!
Абдулқаюм КЕСИЖИ,
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының
төралқа мүшесі, Еуропа қазақ мәдени
орталықтары федерациясының төрағасы,
ғылым докторы.