Аймақтар • 21 Тамыз, 2019

Қазақстандық шекарадан 13 дана бұғы мүйізінің кесінділерін алып өтпек болған

582 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қорғас шекаралық бақылау отрядының «Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығы» бөлімшесінің шекара наряды Орталық аумағына 13 дана бұғы мүйіздерінің кесінділерін алып кірмек болған 50 жастағы қазақстандықты ұстады. Тәркіленген тауар актімен «Алтынкөл» кеден бекетінің қызметкерлеріне тапсырылды. Бұл туралы ҰҚК  ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстандық шекарадан 13 дана бұғы мүйізінің кесінділерін алып өтпек болған

Қордай шекара отрядына қарасты «Қарасу» заставасының аумағында шекара наряды өткен түнде өздерінен 150 метрдей қашықтықта бейтаныс екі адамның жасырынып, шекараның арғы жағын барлай қарап тұрғанын байқап қалған. Лезде заставаға хабар беріліп, жеке құрам көтеріліп, қаруландырылды. Бейтаныс адамдар байқалған жерге шұғыл түрде келіп жеткен дабыл тобы 39 жастағы әйел мен 19 жастағы бойжеткенді (екеуі де Қырғыз Республикасының азаматтары) ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Есірткінің салмағы 20 кг емес, 45 кг екен. Кеше кешкілік ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Оңтүстік өңірлік басқармасына қарасты «Қордай-авто» тексеріп-өткізу бөлімшесінде көршілес елден Қазақстанға қарай Toyota Land Cruiser Prado автокөлігімен ірі көлемде «гашиш» есірткісін алып кірмек болған 56 жастағы қазақстандықтың ұсталғандығы туралы хабарлаған болатынбыз. Сәл асығыстық танытқанымызға кешірім өтінеміз, біз хабарламаны жібергеннен соң белгілі болғандай, көліктен табылған есірткі затының жалпы салмағы 45 кг-ға жуық екен. Ұсталған азамат айғақ затымен құқық қорғау органдарына тапсырылды.

Мерке тексеріп-өткізу пункітінің «Айша бибі» бөлімшесінде шекарашылар Қырғыз Республикасынан елімізге қарай «Даф» жүк көлігімен келе жатқан 1967 жылғы ресейлікті ұстады. Бұл азаматты ұстауға себеп болған – автокөлік тіркемесіндегі қаптар, дәлірек айтқанда қаптардың ішіндегі ұзын саны 1000-ға жуық қолдан жасалынған пышақтар. Ұсталған азамат жүгімен Жамбыл аудандық полиция бөліміне тапсырылды.