Аймақтар • 22 Тамыз, 2019

«Жібек жолы – диалог жолы» халықаралық акциясы жолға шықты

610 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанның киелі орындарын түгендеу жұмыстары толассыз жалғасын табуда. «Ұлы даланың жеті қыры» және «Рухани жаңғыру» бағдарламасында Қазақстанның мәдени-географиялық нысандарының туристік маңызын арттыру міндеті қойылған-ды. Осы мақсатта ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің тапсырысы бойынша «Kazakh Tourism»-нің ұйымдастыруы бойынша Алматыда «Жібек жолы – диалог жолы» атты халықаралық көпкүндік экспедиция жолға шығады деп хабарлады қаланың Баспасөз қызметінен.

«Жібек жолы – диалог жолы» халықаралық акциясы жолға шықты

Visit Almaty туристік ақпарттық орталықтың алаңына жиналған спикерлер - «Kazakh Tourism» ҰҚ» АҚ маркетинг, цифрландыру және коммуникация департаментінің менеджері Дархан Тегенбаев, экспедиция басшысы Әбілхайыр Ахмеджанов, жоба гиді Болат Ізмағамбетов және «QazaqGeography» РҚҰ өкілі Айжан Жұматаева жобаның басты мақсатын түсіндіріп, туристік нысандарды оңтайландыру арқылы ішкі және сыртқы туризмнің әлеуетін дамыту, инфрақұрылымды жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу, жаңа трансшекаралы бағыттарды анықтау екендігін атап өтті. Шетелдік қонақтарға Қазақстан мен Қырғызстанның, Өзбекстанның тұрғылықты халқының мәдениетін үйрену және киелі орындарды көру өте қызық.

Экспедиция құрамында журналистер, фотографтар, телеарналардың түсіру топтары, тревел-блогерлер мен туроператорлар бар. Он үш күн ішінде экспедиция мына бағыттар бойынша жүретін болады: Алматы – ҮАК- Есік шатқалы - Шарын каньоны – Көлсай – Қаракөл – Каджи-Сай – Токмок – Суусамыр – Талас – Тараз – Ақмешіт үңгірі – Сауран – Түркістан – Арыстан-баб – Отырар – Шымкент – Ташкент – Самарканд – Қазығұрт – Мерке – Таңбалы – Алматы.

Экспедиция  қорытындысы бойынша болашақта турларды дамыту үшін маңызды және қызықты бағыттар сапалы суреттер мен видеоматериалдар бойынша анықталатын болады. Кейіннен мұндай құнды ақпарат отандық және Қырғызстан мен Өзбекстанның туркомпанияларына ұсынылады.

АЛМАТЫ