26 Қаңтар, 2013

Білім беруді жетілдіру – дәуір талабы

1038 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Білім беруді жетілдіру – дәуір талабы

Сенбі, 26 қаңтар 2013 7:37

Тарихты таразыласақ, адамзат қоғамының түрлі кезеңдерінде өзінің жасампаздығы мен тынымсыз еңбегінің арқасында мемлекеттерді өз дәуірінің биік сатысына көтерген көшбасшы тұлғалардың ғибратты істеріне куә боламыз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың болашақты алыстан болжаған халықаралық деңгейдегі бастамалары бүгінде даму мен жаңа қарым-қатынастардың теңдессіз үлгісіне айналып отыр.
Бүгінгі Қазақстан – мем­ле­­­кеттілігіміздің, ұлттық эконо­­­­­­­микамыздың, қоғамдық ке­­лі­­­­­сіміміздің, өңірлік көш­­­­­­бас­шы­лы­ғымыз бен халықаралық беде­ліміздің айқындалған шағы.

Сенбі, 26 қаңтар 2013 7:37

Тарихты таразыласақ, адамзат қоғамының түрлі кезеңдерінде өзінің жасампаздығы мен тынымсыз еңбегінің арқасында мемлекеттерді өз дәуірінің биік сатысына көтерген көшбасшы тұлғалардың ғибратты істеріне куә боламыз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың болашақты алыстан болжаған халықаралық деңгейдегі бастамалары бүгінде даму мен жаңа қарым-қатынастардың теңдессіз үлгісіне айналып отыр.
Бүгінгі Қазақстан – мем­ле­­­кеттілігіміздің, ұлттық эконо­­­­­­­микамыздың, қоғамдық ке­­лі­­­­­сіміміздің, өңірлік көш­­­­­­бас­шы­лы­ғымыз бен халықаралық беде­ліміздің айқындалған шағы. Мемлекетіміздің өтпелі кезеңінде қабылданған «Қазақстан-2030» Стратегиясын жүзеге асыру барысында басым бағыттарының мерзімінен бұрын жүзеге асырылуы жаңа серпілісті қажет етті.

Тарих шежіресіне алтын әріптермен жазылған «Қа­­­­зақ­­­­­­­­стан-2030» Стратегиясын жү­зе­ге асыру барысында үш бір­дей жаңғырту: мемлекеттің ір­ге­сін қалау, нарықтық экономи­ка­да серпіліс жасау, әлеу­мет­тік мемлекеттің негіздерін қа­лып­тастыру, қоғамдық сананы қайта өзгерту жүргізілді. Осы жылдары еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық және сыртқы саяси үлгісі өміршеңдігі мен тиімділігін дәлелдеді. Нәтижесінде, Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық фо­­­рум­ның рейтингісінде бәсекеге қа­білетті елдердің арасында 51-­орын­­­­ға ие болды.
Кез келген елдің дамып, өр­кендеуі – ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық бірлікке байланыс­­­ты. Президент Н.Назарбаевтың тұ­рақты түр­де жүргізе білген сындарлы саясатының арқасында Қазақстан 140 этнос пен 17 кон­фес­сияның өкілдері тұратын ын­тымағы мен бірлігі тұтасқан үлгілі мемлекетке айналды.
Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы еліміздің ұзақ мерзімді дамуындағы жаңа белестерді айқындайтын маңызды тарихи құжат болып табылады. Бұл маңызды құжат мемлекетіміздің 2050 жылға дейін әлемдегі дамыған 30 мемлекет қатарына енуін ұлттық саяси даму стратегиясын негізге ала отырып, осы уақыт ішінде жүзеге асырылуға тиісті 7 басымдықты анықтап берді.
Елбасы  сарабдал саясаткер ретінде, есімін әлем таныған тұлға ретінде өз халқына ауқымды және нақты, мемлекет дамуының стратегиялық бағыттарын ай­­қын­­­дайтын іс-әрекеттер жос­па­рын ұсынды. Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап Қазақстан Президенті кезең-кезеңмен елі­мізді, жалпы Қазақстан халқын өмірдің барлық саласында нақты жетістіктерге қол жеткізуге, әл-ауқатын арттыруға мол күш жұм­сады. Соның нәтижесінде, бүгінгі күні Қазақстан әлемдік қауымдастықта беделді орынды иеленіп, соңғы 15 жылда ел экономикасының өсімі 16 есеге, білім алуға жұмсалатын қаржы 9,5 есеге артқан. Ал ғылым саласына бөлінетін қаржы 2011 жылы  26,8 млрд. теңгені, 2012 жылы 48 млрд. теңгені құрады. Алдағы уақытта бұл салаларды мемлекет тарапынан қаржыландыру арта түсетіні де белгілі. Бұл өз кезегінде, білім, ғылым және инновация саласында жаңа бағыттардың дамуына мол мүмкіндік береді.
Еліміздің жаңа даму ба­ғы­­тында білім беру жүйесін мо­­дернизациялау: білім беру ме­ке­­мелерін оңтайландыру; оқу-тәр­бие үде­рі­сін жаңғырту; білім бе­ру қыз­­­­­­меттерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру сияқты үш басты бағытқа ерекше мән берілді. Елбасы бұл орайда жеке және мемлекеттік білім беру мекемелері ұсынатын білім беру қызметтерінің арасындағы елеулі алшақтыққа жол беруге болмайтынын, білім беру жүйесі жалпы ұлттық күйінде қалуға тиіс екенін ерекше атап көрсетті.
Білім және ғылым министр­­­лігінің тікелей бастамасымен еліміздегі жоғары оқу орындары секілді Тараз мемлекеттік пе­дагогикалық институтында оқу үдерісін демократияландыру бағытында кредиттік оқыту технологиясы жүйесін жоспарлау мен ұйымдастырудың жаңашыл әдістерін қолдану, Дублин дескрипторларына сәйкес модульдік білім беру бағдарламаларын дайындау, көптілді білім беруді же­тілдіру сияқты ауқымды жұ­мыстар жүзеге асырылуда.
«Қазақстан-2050» Стратегия­сында Елбасы атап көрсеткен өзектілігі кеміген және сұранысы төмендеген білім пәндерін заманауи жаңа академиялық пәндермен алмастыру басты назарда болып отыр.  Академиялық еркіндікті дамыту бағытында білім беру бағдарламаларының құрылымы мен мазмұны таңдау пәндерімен толықтырылуда. Тілдерді мең­­­­ге­руге, электронды оқытуға, ин­клюзивті білім беруге, шағын кешенді мектеп мәселелері және 12 жылдық мектепке арналған маман даярлауға баса мән берілетін жаңа элективті пәндер оқу үдерісіне кеңінен енгізілуде. Элективті пәндер жұмыс берушілердің және еңбек нарығы сұраныстарын талдау негізінде дайындалуда. Атап айтқанда, сұранысы көп және болашағы бар бағыттарды күшейту мақсатында  «12 жылдық білім беру жағдайында оқушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу», «Акмеология не­­­­гіздері», «Инклюзивті білім беру» және т. б.  пәндер жоспарланған.
Жоғары интеллектуал­­­ды әлеуеті қалыптасқан инно­­­­ва­­­­­­циялық технологиялық іс-әрекетті жүзеге асыра алатын және ғылыми-зерттеушілік қызметке бағытталған болашақ педагогтарды даярлау мақсатында  институттың оқу-тәрбие үдерісіне «Мектеп күні» енгізілді. Ғалым-оқытушылар жалпы орта білім беретін мектептің жаңашыл  мұғалімдерімен бір­лесе отырып  мектеп базасында инновациялық технологияны  ендіру,  оқушының жеке  интел­лек­туалдық қабілеттерін арттыру бағытында ғылыми-зерттеу жұ­мыстарын жүргізеді.
Соңғы он жылдың аясында еліміздегі жоғары білім беру ордалары әлемдік білім беру және зерттеу жұмыстарының трендіне айналды. Мұндағы білім мазмұны мен сапасының артуы еліміздегі білім беру жүйесін жаңғырту үдерісінің бірі ретінде Елбасының ақпараттық технологияларды жаңаша қалыптастыру секілді ұлттық кешенді шараларға деген тікелей ықпалын байқатады. Жаңа әлемдегі даму жолына түскен жаңа Қазақстанның қуаттылығы мен бәсекеге қарымдылығын арттыра түсу үшін еліміздегі жоғары оқу орындарының ұлт­­тық инновациялық жү­­­­йеде­гі жаңашылдығы мен талап­шылдығын, білім беруді ақпарат­тандыру, яғни оқу ақпаратын қолдану үшін тиімді құралдар мен қажетті мүмкіншіліктер жасауды қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды. Жолдауда Елбасы жоғары білім саласына көп сатылы оқу гранттары жүйесін әзір­леу, ғылыми-зерттеушілік және қол­дан­­балы білім берудің өңірлік мамандықтарды ескеретін маман­дандырылған оқу орындары жүйесін құру, оқыту әдістемелерін жаңғырту, оқытудың он-лайн жүйелерін белсендіруді тапсырды.
Қорыта айтқанда, еліміздегі білім жүйесін дамыту – дәуір талабы екенін «Қазақстан-2050» Стратегиясы айқындап берді.
Асқар ӘБДУӘЛІ,
Тараз мемлекеттік педа­­го­­­­­­­гика­­­­-
лық институтының ректоры.
Жамбыл облысы.