29 Қаңтар, 2013

Жастар үшін жол ашық

383 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Жастар үшін жол ашық

Сейсенбі, 29 қаңтар 2013 7:45

Облыс әкімдігі жанындағы жастар саясаты және патриоттық тәрбие беру кеңесінің алғашқы отырысы өткізілді. Аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары, облыстық басқармалар, аудандық және қалалық ішкі саясат бөлімдерінің бастықтары, жоғары және кәсіби-техникалық оқу орындары басшылары, жастар ісі жөніндегі комитет төрағалары қатысқан кеңестің отырысында өңір жастарының «Жұмыспен қамту-2020» мемлекетік бағдарламасына қатысуы, «Қолжетімді баспана -2020» бағдарламасы аясында 2013 жылға арналған тұрғын үй мәселесін шешуге мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын шаралар, техникалық және кәсіптік оқу орындарын бітірген түлектердің жұмысқа орналасу жайы, «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасының жүзеге асырылуы мәселелері кеңінен талқыланды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалып­тасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында да жастарға «Сіздер жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер», деп қадап айтуы тегін емес. Жастар қашанда қоғамның қозғаушы күші болып табылады. Сондықтан да жастар саясатын қалыптастыруға, олардың өзекті мәселелерін шешуге ұдайы көңіл бөлініп келеді. Соңғы 7 жылда ғана жастар саясатын қаржыландыру 20 еседен аса өскен екен. Статистикалық мәлі­меттер бойынша, облыс тұр­ғын­дарының үштен бірін жас­тар құрайды. «Жұмыспен қам­ту-2020» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, 2012 жылы бағ­­дарламаға қатысуға өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыс­сыздар және аз қамтылғандар іші­нен 5000-ға жуық адамды тарту жоспарланса, іс жүзінде 5093 адам тартылды, соның ішінде 3 229 адам 29 жасқа дейінгі жастарды құрайды. Алдағы уақытта жыл сайын «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында 500-ге жуық адамды оқыту көзделуде.

Сонымен қатар, жастарды «Жа­сыл ел», «Атамекен» еңбек жасақтарына, «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» марафон-эстафетасына жұмылдыру қолда бар еңбек әлеуетінің тиімділігін арттыруға және жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеуіне септігін тигізді. Бүгінгі таңда облыста жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайыз, ал жастар жұмыссыздығының деңгейі 2,3 пайызды құрайды.

Соңғы 3 жылда техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының желісі мемлекеттік емес секторлар есебінен өсті, бүгінгі таңда облыстағы 42 оқу орнында 38 мыңнан астам жастар білім алуда. Облыс түлектерді жұмыспен қамтамасыз етуде рес­публика бойынша 2012 жылы 2 екінші орынға табан тіреді. Бұл жоғары көрсеткіш техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары мен әлеуметтік серіктестердің бірлескен жұмысының нәтижесі. Колледж түлектерін жұмыспен қамту көрсеткішін 90 пайызға дейін жеткізу жолында жұмыстар істелуде.

«Дипломмен – ауылға!» бағ­дар­ламасы жүзеге асырылған 2009-2012 жылдарда ауылдық жерлерге 1680 маман келді, Осы кезеңде 719 млн. 742 мың теңге бюджеттік несиелер бөлінді, яғни 493 маман тұрғын үй сатып алды, 1600 маман 172 млн. теңге көтермелеу жәрдемақыға ие болды. Алда тұрған үш жылда 1500-ден астам маманды тарту үшін республикалық бюджеттен 805,6 млн. теңге бөлу жоспарланып отырған көрінеді.

«Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың 2012-2020 жылдарғы кезеңінде 4,0 миллион шаршы метр тұрғын үй салу көзделуде.

Кеңес отырысын қоры­тын­дылаған облыс әкімі Архимед Мұхамбетов көтеріліп отырған мәселелердің маңыздылығын алға тарта отырып, аудан әкімдері мен басқарма бастықтарына жастар саясатының проблемаларын оң шешудің нақты жолдарын көрсетіп, тапсырмалар берді. Жиын соңында өңірдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына белсенді үлес қосқан жастар қоғамдық бірлестіктері және жастар саясаты бағдарламасын ақпараттық қамтамасыз етуде үздік деп танылған БАҚ өкілдері марапатталды.

Сатыбалды СӘУІРБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Ақтөбе.