Қоғам • 23 Тамыз, 2019

Қорғаныс министрлігі альпинистерді іздестіру-құтқару операциясының қорытындысын хабарлады

178 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әскери альпинистер тобы тамыздың 19-22 аралығында Тянь-Шань жотасының Жеңіс шыңы ауданында өткізілген іздестіру-құтқару операциясынан оралды. Операция жетекшісі аға лейтенант Василий Пивцов, капитан Мақсұт Жұмаев пен майор Аманжол Рахметов 15 тамызда жоғалып кеткен Александр Чечулин, Мұрат Өтепбаев пен Андрей Корнеевті іздеді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Қорғаныс министрлігі альпинистерді іздестіру-құтқару операциясының қорытындысын хабарлады

18 тамыз кешке туысқандары жоғалып кеткендерді іздестіруде қоғамнан көмек сұрады.  Қорғаныс министрлігінің қызметкерлері қазақстандықтарды іздестіруде жан-жақты жәрдем көрсету туралы шешім қабылдады. Бірнеше сағат ішінде дабыл бойынша Жеңіс шыңының базалық лагеріне ұшу мен іздестіру жұмыстарына дайындалды.

«Таңертең 19 тамызда әскери альпинистер Қарқара базалық лагеріне келді. Алайда ауа райының қолайсыздығы ұшып өтуге мүмкіндік берген жоқ. 20 тамызда ауа райы ашылғанда команда іздестіруді бастады. Операция өткізілген уақытта топ зардап шеккендердің болжамды орналасу аймағында 5100-ден бастап 6000 метрге дейінгі биіктікте 14 рет ұшып өтті. Бөктерге барынша 70 метрге дейін жақындады.  Жылу визорлары мен көзбен шолу нәтиже берген жоқ. Тірі адамдар не мәйіт пен өзге іздер анықталған жоқ» делінген хабарламада.

Қолда бар мәлімет бойынша қазақстандық альпинистер командасы (Мұрат Өтепбаев, Андрей Корнеев, Александр Чечулин) 14 тамызда Жеңіс шыңына шыққан. Сол кезде ауа райы бұзыла басталған. Соңғы рет топ байланысқа 15 тамызда шамамен 6600-6900 метр биіктіктен шықты. Өтепбаев пен Корнеев Александр Чечулиннің өкпесінің ісінуі нәтижесінде қаза болғаны туралы хабарлады. Одан басқа, палаткалар, керек-жарақ пен азық-түлікті жел айдап әкеткен. Олар қолайсыз ауа райының ашылуын күту үшін қарлы шұңқыр қазған.  

18 тамызда «Аксай Тревел» (Қырғызстан) туристік компаниясының Ми-8 тікұшағы іздестіруге шықты. Іздестіру нәтиже берген жоқ. Тауда бірнеше қар көшкіні болды.