Қоғам • 23 Тамыз, 2019

Жоғалған альпинистің жұбайы құтқарушыларға алғыс айтты

2965 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Алматы қаласында Қырғыз мемлекетіндегі Жеңіс шыңында жоғалған қазақстандық альпинистерді іздеу операциясының қорытындысы бойынша Қорғаныс министрінің баспасөз-конференциясы өтті. Шараға іздеу-құтқару операциясының мүшелері Қорғаныс министрлігінің әскери альпенистері капитан Мақсұт Жұмаев, аға лейтенант Василий Пивцов, сондай-ақ Альпенизм және спорттық құзға шығу федерациясының бас хатшысы Қазбек Валиев қатысты. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады. 

Жоғалған альпинистің жұбайы құтқарушыларға алғыс айтты

Әскерилер Жеңіс шыңын 14 рет айналып ұшып өтті. 22 тамыз күні іздеу-құтқару операциясының жетекшісі Василий Пивцовтың айтуы бойынша әуеден шолу мен арнайы құрылғыдан бақылау еш нәтиже бермеген. Тірі адамдардың ешқандай белгісі мен денесі табылмаған.

Жоғалған қазақстандық альпинистің жұбайы Шахаризада Шахбутова құтқарушыларға алғыс айтты.

«Қатал ауа-райына қарамастан құтқарушылар қолдарынан келгенін аямады. Көмектері үшін алғыс айтамын. Қырғыз мемлекетіндегі Қазақстан елшілігіне, Қорғаныс министрінің баспасөз хатшысына, альпинистерге рахмет. Олар өз ісінің шеберлері. Шындығында іздеуге ұзақ уақытты арнап, хабарласып отырды. Әлі де жігіттердің қайтып келетініне үмітімізді үзбей, тек жақсылыққа ғана сенеміз. Тағы да барлығы үшін рахмет! Олар еліміздің лайықты азаматтары, жақын достары, нағыз жігіттер» - деді өз сөзінде Қырғыз мемлекетіндегі Жеңіс шыңында жоғалған қазақстандық альпенистің жұбайы.