Қазақстан • 23 Тамыз, 2019

Tax free жүйесі елімізге келетін туристер санын арттырады

252 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыдағы шетелдік туристер осы күзден бастап Tax free жүйесінің қызығын көре бастайды. Global blue компаниясымен жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде Tax free жүйесін Қазақстанға енгізудің қанатқақты жобасы әзірленді. Қаржы министрінің бұйрығымен ағымдағы жылдың 15-тамызынан бастап қанатқақты жоба заңды күшіне енді. Салықты қайтару жүйесі бір жарым айдан кейін Алматы сауда орталықтарының бірінде іске қосылмақ. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Tax free жүйесі елімізге келетін туристер санын арттырады

Жалпы Tax free жүйесі Алматыдағы шетелдік туристер санын жылына 25 мыңға ұлғайтуға сеп болмақ. Олар өз кезегінде брендтік тауар үшін 1 мыңнан 10 мың долларға дейін қаржы жұмсайды деп күтілуде. Сауда-саттықтан бөлек, туристер алдымен Қазақстанға сапарлату үшін жол-пұлы мен тұратын орынға, сондай-ақ өзге де туристтік қызметтерге қосымша қаражат құятыны белгілі. 

Қанатқақты жоба оң нәтиже берген жағдайда Tax free жүйесі Қазақстанның өзге де өңірлерінде іске қосылады. Осылайша, Қазақстанды Орталық Азиядағы шоппинг-туризмнің орталығына айналдыру көзделіп отыр. Шетелдік туроператорлар салық соммасын қайтарудың жүйесі енгізілмеген елдерге туристтік бағыттарды жасамайтыны анық. Сондықтан, Қазақстан бұл мүмкіндікті тиімді қолдануға мүдделі.    

Салықты қайтару жүйесі туризм дамыған мемлекеттерде жақсы жолға қойылған. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Tax free жүйесін енгізгеннен кейін туристер ағылып келіп, сауда айналымын еселеп арттыруға септігін тигізді. Жүйені іске қосу арқылы Қазақстанға жылына 300 мың турист тарту жоспарлануда. Одан түсетін пайданы 2025 жылға дейінгі 198 млрд. жеткізу  көзделіп отыр. 

Естеріңізге сала кетсек, туризм саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекетттік бағдарламаның аясында Tax free жүйесін әуелде 2022 жылдан кейін енгізу көзделген еді. Алайда «Kazakh Tourism» ҰК» АО жанынан құрылған Жобалау кеңсесінің тікелей араласуымен қанатқақты жоба белгіленген мерзімнен бұрын іске қосылатын болды. 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше