24 Тамыз, 2019

«Қазақстанды таны»: еліміздің және шет елдің блогерлері елордада бас қосты

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында "Қазақстанды таны" халықаралық блогерлер форумының ашылу салтанаты өтті. Іс-шара Жастар жылы аясында "A kind heart" қоғамдық бірлестігі тарапынан "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен өткізіліп жатыр.

«Қазақстанды таны»: еліміздің және шет елдің блогерлері елордада бас қосты

Іс-шараға еліміздің және шетелдің блогерлері шақырту алған.

Форум мақсаты - медиа саласындағы ынтымақты арттыру, елімізді таныту, тәжірибе алмасу.

Спикерлер туризмнің дамуы, брендинг, блогинг, жаңа медианың мүмкіндіктері мен интернетке арналған сапалы контент жасау жолдарын талқылайды. Блогерлерді қамтыған мұндай іс-шара елімізде алғаш өтіп отыр. Оған жиналған жастардың қарасы мол. Форум барысында қатысушылар үшін ақпараттық және пайдалы мастер-кластар ұйымдастырылатын болады.
Сонымен қатар форум аясында "Мен – Қазақстаннанмын" атты видеоблогерлер бәйгесінің жеңімпаздары анықталады. Ал жалпы форум үш кезеңді қамтыған.

Бірінші кезең - "Мен – Қазақстаннанмын" атты видеожобалар бәйгесі.

Екінші кезең -Қазақстанның аймақтарына халықаралық блог-тур. Мұнда шетелдік танымал блогерлер Қазақстанды аралап, YouTube-тағы арналарына арнайы бейне-шолу жариялайды. Қысқаша айтқанда, елімізді өз аудиторияларына таныстыратын болады.

Ал соңғы кезең екі күндік форумда аяқталады.

Фото автордыкі.

Соңғы жаңалықтар

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

Шаруашылық • Бүгін, 08:58

Шоттың да сұрауы бар

Экономика • Бүгін, 08:50

Аққу әйгілеген ақиқат

Әдебиет • Бүгін, 08:35