"Құрметті отандастар! Биыл Қазақстанда Елбасының бастамасымен Жастар жылы деп жарияланған болатын. Осы жылдың аясында жастарды қолдауға арналған сан алуан іс-шара жүзеге асырылуда. Бүгінгі басқосу да осымен бағыттасып отыр.
Құрметті достар, Сарыарқаның самалы жанға жылу беретін, Жетісудың таулары асқақ рух сыйлайтын, шығысы - шырайлы, батысы - айбынды, солтүстігі - көрікті, оңтүстігі - өрікті елге табаны тиген əр адам қанаттанып тұрады. Құс болып ұшқысы келеді, жүйрік атқа мініп, шапқысы келеді... Көшпенділер өркениетінің темірқазығы саналатын қазақ елінің құшағы қонақтарға əрдайым ашық. Əрбір мекен ғана емес, əрбір тасының өзі терең тарихтан сыр шертеді.
Табиғаты таңғажайып, ұлы даланың өзі сіздерді сұлулығымен баурап алады", - деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.
Министрдің сөзінен соң, спикерлер диалог алаңын құрып, өзара пікір алмасып жатыр.
Фото автордыкі.