Аймақтар • 24 Тамыз, 2019

Бөлінген қаражат шын мұқтаж отбасына жетуі тиіс – Павлодар облысының әкімі

399 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

- Биыл халықтың әл-ауқатын арттыру және тұрғындардың аз қамтылған топтарын қолдауға көп көңіл бөлінуде, - деді мұғалімдердің Тамыз конференциясында облыс әкімі Болат Бақауов.

Бөлінген қаражат шын мұқтаж отбасына жетуі тиіс – Павлодар облысының әкімі

Ал облыс педагогтары  бір күндік жалақыларын бөліп, «Арыс, біз біргеміз» шарасына қатысып, тұрғындарға көмек ретінде 26 миллион теңге жіберілді.

 Арыс қаласынан 300 бала сауықтыру лагерьлерінде демалуға мүмкіндік алды және бұл олардың психологиялық жағдайына оң әсер етуге мүмкіндік берді.

Сондай-ақ біздің өңірде іске қосылған «Nurly Ertis» бағдарламасы аясында 130-дан астам көп балалы отбасы Ертіс өңіріне көшіп келді.

Оларға қажетті көмек көрсетілді. Барлығы тұрғын үймен және жұмыспен қамтамасыз етілді, балалар балабақшалар мен мектептерге орналастырылды.

Облыс қалаларында 7-18 жас аралығындағы көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардың балалары қоғамдық көлікте тегін жол жүре алады. Бұл мақсатқа 54 млн теңге бөлінді.

 Сонымен қатар, облыс  орталығындағы колледждердің 1-4 курс студенттеріне ай сайын жеңілдікпен жол жүру мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

 Облыстық бюджеттен балабақшалар мен мектептерге баратын көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балалары тегін тамақтану үшін де қаржы бөлінген.

- Барлық бөлінген мақсатты қаражат шынымен қажет ететін отбасына жетуі тиіс, - деді облыс әкімі. 

 

Павлодар облысы

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар