Аймақтар • 25 Тамыз, 2019

Павлодар облысында 1194 бала қамқорлыққа берілген

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыста жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернат, балалар үйлерінің азаюы байқалуда.

Павлодар облысында 1194 бала қамқорлыққа берілген

Өңірлік білім беру басқармасының мәліметінше, қазір Тереңкөл ауданындағы балалар үйі және 296 тәрбиеленушісі  бар отбасы үлгісіндегі 6 балалар үйі ғана қалған.  

Соңғы үш жылда жеке отбасына тәрбиелеуге 1194 бала берілді. Оның ішінде 1062 бала қорғаншылыққа және қамқоршылыққа, 132 бала патронаттық тәрбиеге тапсырылды.

Сондай-ақ, 401 бала өз отбасыларына қайтарылған. Жетім балаларды қабылдаушы отбасылардың саны 10-ға дейін өскен. Бұл шаңырақтарда 44 бала тәрбиеленуде.

Сондықтан, өңірде «Үміт» балалар үйін қайта құру, облыстық балалар Баспанасының бірлестігі мен «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығын» біріктіру арқылы балаларды қолдауға арналған екі орталық құрылған.

Бұл өмірлік қиын жағдайда жүрген балалардың әлеуметтік және құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.

ПАВЛОДАР

Суретті түсірген: Валерий Бугаев