Қазақстан • 25 Тамыз, 2019

Ағылшын азаматын ажалдан арашалап қалды

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісулық дәрігерлердің атына алыстағы ағылшын елінен алғыс хат келді. Онда облыстың ақ желеңді абзал жандарын британ азаматы Джордж Микайдың өміріне араша түсіп, дер кезінде қажетті медициналық көмек көрсеткені үшін ризашылық білдірген.

Ағылшын азаматын ажалдан арашалап қалды

 Оқиға 16 тамыз күні Алматы маңында дельтопланнан өткен спорттық жарыс кезінде болған екен. Ұшу-жаттығу барысында Микай мырзаның денсаулығы сыр беріп, жедел түрде жергілікті дәрігерлердің көмегіне жүгінуге тура келген. «Жедел көмек» желісі бойынша тіркелген қоңыраудан кейін облыстық ауруханың «Жедел жәрдем»  бригадасы науқасқа шұғыл көмек көрсетті.

- Ағылшын елінің азаматына алғашқы медициналық жәрдем көрсетілген кейін оны аурухана жатқызып, тексердік. Мамандар Джордж Микайдың дене жарақатынан бөлек, жүрегі ауырғанын анықтады. Шетелдікке миокард инфаркті деген диагноз қойылды. Мұндай жағдайда шұғыл ота жасау керек. Біздің дәрігерлер британдық әріптестерімен байланысып, операция жасауға келісті. Нәтижесінде Микай мырзаның өміріне төнген қауіп сейілді, - дейді Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Ысқақ.

Қазір туған топырағына арнайы ұшақпен жеткізілген Джордж Микайдың денсаулығы оңалып келеді екен. Паддингтон клиникасының дәрігерлері науқасты толық тексеруден өткізіп, қазақстандық дәрігерлердің дер кезінде жедел жәрдем көрсетіп, сәтті ота жасағанына жоғары баға беріпті.

Мамандар, тіпті, Микай мырзаға жарты жылдан кейін сүйікті ісіне қайта оралып, дельтопланмен ұшуға болатындығын айтқан көрінеді.

Ал Алматы облысының дәрігерлеріне риза болған Джордж Микай арнайы алғыс хат жолдапты.

Алматы облысы

 

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше