Қоғам • 26 Тамыз, 2019

«Altyn oimaq» шеберлердің жолын ашады

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада «ALTYN OIMAQ» – Қазақстан жеңіл өнеркәсібі кәсіпорындарының алғашқы көрме-форумының бағдарламасы таныстырылды.

«Altyn oimaq» шеберлердің  жолын ашады

Отандық жеңіл өнеркәсіпті қолдау және саланы дамытуды мақсат еткен форумға 80-ге жуық отандық компания қатыс­пақ. Көрмеге киім, аяқ киім және үйге арналған тоқыма бұйым­дары, әшекейлер, қолөнер шебер­лерінің жұмыстары қойы­лады. Сонымен қатар көрмеге жоғары деңгейдегі трейдер компа­ниялар да шақырылған. Баспа­сөз конференциясы бары­сын­да спикерлер тамыздың аяғы­на жоспарланған айтулы шара­ға қатысу шарттары туралы хабарлап, көрменің арнайы қонақтары – Fashion Academy a Paris өкілдері, Polimoda, Eurasian Fashion Week киім дизайны институтының мамандары тура­лы ақпарат берді. Форум мен көрме қатысушыларына тегін семинарлар, еуропалық және отандық жетекші мамандардың шеберлік сабақтарын өткізу жоспарланған. Мысалы, «Биз­нес ретіндегі қолөнер» дәрісі шеңбе­рінде италиялық өндіріс жүйесі туралы мәлімет беріліп, Апеннин түбегінде өндірілген өнімдердің аңызға айналған сапасы, өнді­ріс жүйесінің құры­лымы, ерекше­ліктері түсін­ді­ріле­ді.

Форумның екінші күні тоқы­ма және мата таңдау тура­лы дәрісте Chanel, Dior, Kenzo, Celine сән үйлеріне арнап жібек және жаккард маталарын өндіретін француз фабри­ка­сы­­ның өкілі, Fashion Academy a Paris компаниясының маманы дәріс оқиды. Онда алдағы маусымдардың жаңа, сәнді маталардың үлгілері таныс­тырылып, оның құра­мы және өндіру процесі тал­қы­ла­нады, маталарды жіктеу және өрім типтері туралы ақпарат беріледі.