Бұл қаражат былтырғыдан үш есе көп. Ресми мәліметке сүйенсек, 9000 солтүстікқазақстандықтың ағзасында қатерлі ісік бар. Науқастар бұдан былай Финляндиядан жеткізілген 140 миллион теңгелік соңғы үлгідегі цифрлық маммографтың көмегіне сүйене алады. Бұл аппарат арқылы сүт безінің қатерлі ісігін бастапқы кезеңде анықтай алады. Кесел ерте табылса, емдеу де, сауығып кету де жеңіл түспек. Бұрынғы ультрадыбыстық аппаратпен сүт безінің жаңадан пайда болған ісігін айыру қиын-тұғын.
Онкологиялық диспансердің бас дәрігерінің орынбасары Олег Дудяктың айтуынша рак ауруының таралуы жөнінен облыс көрсеткіші жоғары. Оның ішінде сүт безінің қатерлі ісігі кеңінен таралған. Есепте екімынан астам әйел есепке алынса, 113-і биыл анықталыпты. Қондырғының көп артықшылықтарының біріне сүт безінің әрбір миллиметрін зерттейтін «гомосинтез» функциясын атауға болады.
Аймақ басшысы Құмар Ақсақалов облыстық ересектер ауруханасына орнатылған заманауи компьютерлік томографтың да жұмысымен танысты. Оның құны 347 миллион теңгеболса, 250 миллионы жергілікті қазынадан бөлінген. Адамның басын, асқазанын, буындарын, бір сөзбен айтқанда, ішкі құрылыс кеселдерін өте дәлдікпен бірден анықтап береді. Және де бір ғажабы, АҚШ-тан әкелінген құрылғының диагностикалық қорытындысын әлемнің кез келген жеріне жолдауға болады. Оннда орналасқан серверлік нұсқадағы станса арқылы үш маман бір мезгілде зерт жүргізе алады. Аурухана дәрігері Иван Лейман магниттік-резонанстық томографтың әбден ескіргенін, жиі сына беретінін айтып еді, Құмар Іргебайұлы жыл аяғына дейін жаңасын сатып алып беруге уәде етті. Бұған қоса замануи ангиограф та алынады. Ескі томограф Тайынша аудандық ауруханасына жіберіліп, Айыртау, Ақжар, Уәлиханов аудандарының тұрғындарына қызмет көрсетеді.
«Денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасын нығайту, кадрлар тапшылығын жою бағытында жүйелі шаралар атқарылып келеді. Биыл емдеу мекемелері 66 жедел жәрдем көлігімен , 80-ге жуық құрал-жабдықпен толығады. Күзге таман 500 орынды көпбейінді аурухананың құрылысы басталады. Таяу арада жоғары білімді 170 дипломды жас дәрігер келеді, олардың жартысына жуығ ауылдық жерлерге орналасады. Елді мекенге жолдама алған мамандарға 1,5 миллион, қалалықтар үшін 500 мың теңге көтермеақы төленеді. «Дипломмен–ауылға! бағдарламасы аясында жасалатын жеңілдіктер аз емес. Қазір 47 пәтер дайын», деді аймақ басшысы БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.
Солтүстік Қазақстан облысы