Халықты жұмыспен қамту орталығы жалпықалалық жәрмеңке 28 тамыз күні «Жастар» сарайында сағат 10:00-13:00 аралығында өтетінін хабарлады.
Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне 29 жасқа дейінгі жастар қатыса алады.
«Іс-шараның мақсаты - оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру мүмкіндігін кеңейту, жалпы жастарды еңбекке орналастыру, мемлекеттік бағдарламалар туралы кеңінен ақпараттандыру», - дейді орталық қызметкерлері.