Аймақтар • 27 Тамыз, 2019

Қостанайда адам саудасына қарсы күресті күшейтудің өңірлік жобасы ашылды

193 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қостанайда «Аймақтық және жаһандық қауіп-қатерлер тұрғысынан Орта Азияда адам саудасына қарсы күресті күшейту мен осал мигранттарды қорғау»  өңірлік жобасы ашылды. Оны Норвегия корольдігі Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен Халықаралық көші-қоң ұйымы (ХКҰ) – БҰҰ агенттігі жүзеге асырып отыр. Бұл жөнінде облыстық полиция департаментінде «Дамыту» қоғамдық қорының адам саудасы мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия жұмысының жоспары шеңберінде өткізген брифингінде кеңінен әңгіме болды.

Қостанайда адам саудасына қарсы күресті күшейтудің өңірлік жобасы ашылды

Брифингте Халықаралық көші-қоң ұйымы (ХКҰ) – БҰҰ агенттігі жобасының үйлестірушісі Аниса Қуанова жобаның мән-маңызы, Қазақстанға келген мигранттардың құқығы мен міндеттері туралы айтып берді. Қазақстанға келген мигранттардың қиын жағдайға ұшырауы адамдардың құжаттарын жоғалтып алуына, жұмыс берушілердің еңбек ақысын төлемеуіне, еңбек келісімін жасамауына және адамдардың құқығын аяққа басуына байлансты болады. Осы орайда құқықтық, еңбек қатынастарды реттеуді аталған халықаралық ұйым жергілікті Полиция департаменті және Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру секілді мемлекеттік органдармен бірлесіп шешеді.

Қостанай облысындағы көші-қоң қозғалысының күшеюі облыстың этникалық картасының өзгеруімен, адамдардың ТМД елдеріне көшуі секілді үдерістермен және ішкі көші-қоңның тоқтамауымен де тығыз байланысты. Адам саудасына байланысты қылмыстарға да осы көші-қоң негізгі себеп болады екен. Мысалы, «Дамыту» қоғамдық қорының төрайымы Нина Косюк қазір адам саудасының құрбанының өліміне қатысты қылмыстық іс  сотта қаралып жатқанын айтты.

«Ер кісі Меңдіғара ауданында құлдықта болған. Оны байлап ұстаған, оның қазаннан кір қолымен тамақ алып жеуі өлігіне себеп болған. Ал шиедей аш болған. 2016 жылы өлген, ал қылмыс биыл ғана ашылып отыр» дейді Нина Косюк. Жалпы осы қордың паналататын орнында адам саудасының құрбаны болған екі адамның тағдыры өліммен аяқталған.

Қостанай облысында адам саудасының құрбанына айналатындар аз емес. Олардың басым көпшілігі шетел азаматтары. Мысалы, 2017 жылы облыс өңірінде 40 адам қиын жағдайға ұшыраса, соның  20-сы Өзбекстан азаматтары болатын. Өткен жылы Қазақстан арқылы өткен 13 шетелдік құлдыққа салынса, биыл 4 адамның тағдыры саудаға салынған.

 

Қостанай