Спорт • 27 Тамыз, 2019

Футбол: Бас бапкер өз таңдауын жасады

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан «Еуро-2020» додасының іріктеу турнирі аясында Қазақстан құрамасы 6 қыркүйекте Кипрге және 9 қыркүйекте Ресейге қарсы ойнайтыны белгілі.

Футбол: Бас бапкер өз таңдауын жасады

Сырт алаңда өтетін осы қос ойынға ұлттық командамыздың бас бапкері Михал Билек мына ойыншыларды шақыртты:

Қақпашылар – Дмитрий Непогодов («Ордабасы»), Стас Покатилов («Қайрат»), Игорь Шацкий («Шахтер»).

Қорғаушылар – Абзал Бейсебеков, Юрий Логвиненко, Дмитрий Шомко («Астана»), Гафуржан Сүйімбаев («Қайрат»), Александр Марочкин («Кайсар»), Темірлан Ерланов, Сергей Малый («Ордабасы»), Виктор Дмитренко («Тобыл»), Ян Вороговский («Беерсхот», Бельгия).

Жартылай қорғаушылар – Серікжан Мұжықов, Юрий Перцух («Астана»), Айбол Абикен, Георгий Жуков, Бауыржан Исламхан, Исламбек Қуат («Кайрат»), Асқат Тағыберген («Кайсар»), Тимур Досмағамбетов («Ордабасы»).

Шабуылшылар – Максим Федин («Тобыл»), Алексей Щеткин («Ордабасы»), Абат Айымбетов («Ақтөбе»).

Сонымен қатар резервте тағы бірнеше ойыншы бар. Олар – Владимир Плотников, Елдос Ахметов, Еркебұлан Сейдахмет, Еркебұлан Тұңғышбаев («Қайрат»), Олжас Керімжанов, Аслан Дарабаев («Жетісу»), Марат Быстров, Тоқтар Жаңғылышбай («Ордабасы»), Думан Нарзилдаев («Қайсар»), Руслан Валиуллин, Азат Нұрғалиев, Бауыржан Тұрысбек («Тобыл»), Роман Мұртазаев («Астана»).