Аймақтар • 29 Тамыз, 2019

Ұлттық кеңестің жұмысы пысықталды

447 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласындағы Тәуелсіздік сарайында Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысына дайындық жұмыстарын пысықтау жөнінде жиын өтті.

Ұлттық кеңестің жұмысы пысықталды

Аталған басқосуға Президент Әкімшілігінің басшысы, Ұлт­тық кеңес төрағасының орынбасары Қырымбек Көшербаев же­тек­шілік етті. Алдағы жұмыс барысын ұйымдастыру турасындағы жиынға Кеңес мүшелері түгел қатысты.

Отырыс кезінде Ұлттық кеңестің қызметі мен бағыт-бағдары кеңінен талқыланып, Мем­лекет басшысының қатысуы­мен өтетін алғашқы жиынға да­йындық пысықталды. Сондай-ақ қордаланған мәселелерді жүйелі түрде қарастыру үшін арнаулы жұмыс топтары құрылды. Ол үшін жиын барысында Кеңес мүшелері жұмыс топтарының қандай тақырыптар бойынша жіктелуі керек екені туралы пікірлерін ортаға салды.

Қазақстан Республикасы Прези­дентінің 2019 жылғы 17 шілде­дегі №63 Жарлығымен бекі­тілген Қазақстан Республикасы Пре­­зи­дентінің жанындағы Ұлт­тық қоғамдық сенім кеңесі тура­лы ере­жеге сәйкес Ұлттық кеңес мүшелеріне куәліктер тапсырылды.

Президент жанындағы Ұлт­тық қоғамдық сенім кеңесінің бірінші отырысын 2019 жылдың 6 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласында өткізу жоспарланды.