Қазақстан • 29 Тамыз, 2019

Ядролық қарудан азат аймақтар арасында ынтымақтастықты нығайту талқыланды

282 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі БҰҰ Қарусыздану мәселелері жөніндегі басқармасымен (UNODA) бірлесіп, барлық ядролық қарудан азат аймақтар (ЯҚАА), қызығушылық танытқан халықаралық және өңірлік ұйымдар, бақылаушы мемлекеттер өкілдерінің қатысуымен ядролық қарудан азат аймақтар арасында ынтымақтастықты нығайтуға арналған семинар өткізуде. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады. 

Ядролық қарудан азат аймақтар арасында ынтымақтастықты нығайту талқыланды

Іс-шараның ашылуында сөйлеген сөзінде Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарудан азат аймақтар арасында диалог қалыптастыру бастамасын ілгерілетудегі рөлін және Қазақстанның БҰҰ Бас Хатшысы Антониу Гутерриштің Қарусыздану жөніндегі күн тәртібін іске асыруға қосқан үлесін атап өтті. Сондай-ақ халықаралық қауіпсіздік үшін жаһандық қауіп-қатерлердің көбеюі жағдайында ЯҚАА қатысушы-мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығына назар аударылды.

СІМ

Осы ретте қазақстандық дипломат еліміздің жаһандық антиядролық қозғалыс көшбасшыларының бірі ретінде ядролық қарудан азат аймақтарды нығайтуды және олардың географиясын кеңейтуді қолдап келгендігі туралы жариялады. 

Семинар жұмысына ядролық қарудан азат аймақтар, олардың арасында Африкалық (Пелиндаба келісімі), Латын Америкалық (Тлателолько келісімі), Оңтүстік-Тынық мұхит (Раротонга келісімі), Орталық Азиялық (Семей келісімі) және Оңтүстік-Шығыс Азиялық (Бангкок келісімі) аймақтары өкілдері қатысуда.

Іс-шара Семей ядролық сынақ алаңының жабылуының тарихи күні болып табылатын 29 тамызда, әлемдік деңгейде аталып өтетін Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдардың халықаралық күнімен ұштастырылған. Қазақстанның өз аумағында осындай іс-шараны ұйымдастыру туралы шешімі Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасына негізделеді, ол еліміздің аталған іс-шараны жүзеге асыру ниеті туралы 2017 жылғы 29 тамызда, АЭХА Төмен байытылған уран банкі ғимаратының ашылу рәсімінде жариялаған болатын. 

Семинарға қатысушылар, бұған дейін құрылған және жаңадан пайда болатын зоналар арасындағы ұзақ мерзімді саяси ынтымақтастықтың нақты механизмдерін қалыптастыру мақсатында, ядролық қарудан азат аймақтарды институционализациялаудың бірлескен жоспарларын талқылауды жоспарлап отыр. 

СІМ