02 Наурыз, 2013

Елбасы Жолдауы – ел дамуының серпіні

286 рет
көрсетілді
13 мин
оқу үшін

Елбасы Жолдауы – ел дамуының серпіні

Сенбі, 2 наурыз 2013 9:09

Парламент Мәжілісінің депутаты Ізбақ ӨМІРЗАҚОВПЕН әңгіме

– Ізбақ Қуанышұлы, Мемлекет басшысыныңжаңа Жолдауын халыққа түсіндірумақсатында осыдан біраз бұрын өңірлергеіссапармен барып келдіңіздер. Өзіңіз барғанөңірдің қазіргі жағдайы қалай екен? Сайлаушылар қандай мәселелерді көтерді?

 

Сенбі, 2 наурыз 2013 9:09

Парламент Мәжілісінің депутаты Ізбақ ӨМІРЗАҚОВПЕН әңгіме

– Ізбақ Қуанышұлы, Мемлекет басшысыныңжаңа Жолдауын халыққа түсіндірумақсатында осыдан біраз бұрын өңірлергеіссапармен барып келдіңіздер. Өзіңіз барғанөңірдің қазіргі жағдайы қалай екен? Сайлаушылар қандай мәселелерді көтерді?

– Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев­тың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы негізгі бағыттармен таныстыру мақса­тында мен бірнеше Парламент депутатымен бірге Ақтөбе облысында болып қайттым. Бүгінгі күні еліміздің Үдемелі индустриялық-ин­но­ва­циялық даму бағдарламасы аясында Ақтөбе облысы да даму жолына түсіп, ел аймақтарының ішінде көшбасшы ретінде көрініп келеді. Қазақстанның ин­дуст­рия­лан­дыру картасына облы­ста жалпы сомасы 631,5 млрд. теңге болатын, салу ке­зін­де 10,6 мың жұмыс орны және пайдалану кезінде 9,9 мың жұмыс орны ашылатын 68 жо­ба енді. Жалпы алғанда, оны іске асы­­рудың 2,5 жылы ішінде (2010- 2012 жылдың бірінші жартысында) индустрияландыру картасы аясында жалпы сомасы 186,8 млрд. теңге 56 өндірістік ны­сан­ пайдалануға беріліп, 4,7 мың жұмыс орны ашылды. Іске қосылған сәтінен бас­тап, аталған кәсіпорындар жалпы сомасы 346,2 млрд. теңгеге өнімдер шы­ғарды. Бұл облыстың осы ке­зең ішіндегі жалпы өндірілген өнер­кәсіптік өнімдерінің 12 пайызын қамтиды. Әрине, жобалардың не­­гізгі үлесін тау-кен өндіру са­ла­лары, құрылыс ин­дус­трия­сы секілді салалар алады.

Сапар барысында біз өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнім­дерін өндірушілерімен қатар, әлеуметтік салаларда қызмет жасайтын ұжымдармен кездесу өткізіп, Мемлекет басшысының Жолдауында берілген тап­сыр­малардың өңірде қалай жүзеге асып жатқанына назар аудардық. Кездесулерде сайлаушылар тарапынан көптеген өзекті мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы саласына қатысты электр қуатының бөлек тарифтері, терең скважиналарды бұрғылау мен оған субсидия бөлу, салық салу, байланыс жүйесінің даму мәселелері елді мекендердің тұрғындарын алаңдатып отыр.

– Жаңа Жолдаудан туындайтын келелі мәселелер мен маңызды міндеттертуралы айтып өтсеңіз.

– Мемлекет басшысы «Қа­зақстан-2030» Стратегиясы қа­былданғаннан бері 15 жыл ішін­де мемлекетіміз әлемдегі ең серпінді дамушы елдер бестігіне енгенін айта келіп, 2012 жылдың қорытындысы бойынша ІЖӨ-нің көлемі жағынан әлемнің 50 ірі экономикасының қатарына кіргеніне тоқталып еді. Ендігі бас­ты мақсат – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру. Мықты мемлекет күнкөріс саясатымен емес, жос­парлау саясатымен, ұзақ мерзімді дамумен және экономикалық өсумен айналысатыны анық.

Ең бастысы, Қазақстанның тұ­тас­тығын сақтап, дамыту міндетін асыра орындап, «біз 140 этнос пен 17 конфессияның өкілдері тұратын елде ішкі сая­си тұрақтылық пен бірлікті нығайттық», деді Президент. XXI ғасырда Қазақстан Шығыс пен Батыстың үнқатысуы мен өзара іс-қимылының көпірі болуға тиіс. Жүзжылдық тұсындағы тарихи уақыттың жеделдеуі, жаһандық демографиялық тең­ге­рім­сіздік, жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер, су­дың тым тапшылығы, жаһандық энер­гетикалық қауіпсіздік, табиғи ресурстардың сарқылуы, үшінші индустриялық революция, үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық, өркениетіміздің құндылықтарының дағдарысы мен әлемдік жаңа тұрақсыздық қаупі секілді сын-қатерлерді нақты талдай келіп, Елбасы ұлттың 2050 жылға дейінгі жаңа саяси бағытын ұсынды. Жаңа экономикалық саясат табыстылығының басты шарты кадрлар арқылы нығайтылуға тиіс. Менеджменттің жаңа құралдарын және мемлекеттік сектордағы кор­­­по­ративтік басқарудың қағи­даларын енгізу қажет. Жол­дау­дағы келелі мәселелердің бірі осы.

Елбасы 2050 жылға дейін ке­зең-кезеңмен бірнеше міндеттерді шешу қағидаттарының маңыз­дылығын кеңінен баяндады. Мем­лекеттің макроэкономикалық сая­сатының жаңғыруы, инфра­құ­рылымды дамытуға деген қағи­датты түрде жаңа көзқарастың болуы, мемлекеттік активтерді бас­қару жүйесін жаңғырту, таби­ғи ресурстарды басқарудың түбегейлі жаңа жүйесін енгізу, индустрияландырудың келесі фазасының жоспарын құру, ауыл шаруашылығы өніміне өсіп отырған жаһандық сұраныс жағдайында ауқымды жаңғырту, еліміздің су ресурстарына қатысты жаңа сая­сат тұжырымдау қажеттілігін алға тартты. Президенттің айтуынша, көмірсутегі шикізатының нарығында ірі ойыншы болып қала отырып, елімізде энергияның баламалы түрлерін өндіруді дамытуға, күн мен желдің энергиясын пайдаланатын технологияларды белсенді енгізуге тиіспіз. Инновациялық технологияларды дамыта келе, экспорттың жалпы көлеміндегі шикізаттық емес экспорттың үлесі 2025 жылға қарай екі есеге, ал 2040 жылға қарай үш есеге ұлғаяды. Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 2030 жылға қарай, ең аз дегенде, екі есеге өсуге тиіс.

Қазіргі таңда Үкімет еліміздегі агроөнеркәсіп кешенінің 2020 жылға дейінгі дамуының жаңа  бағ­­дар­ламасын қабылдады. Бұл бағ­дарламаның басты мақ­саты 2020 жылға қарай ауыл ша­руа­шылығын мемлекеттік қолдаудың көлемін 4,5 есеге арттыру болып табылады.

Елбасымыз Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру қажеттігін атап, Қазақстан XXI ғасырдың ортасына қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуға тиіс деді. Ендеше, баршамыз қай салада жұмыс жасасақ та, осы мақсатқа жету үшін еңбегімізбен өзіміздің үлесімізді қосуға атсалысқанымыз жөн.

– Елбасының «Қа­зақ­стан-­2050» Стратегиясы – қа­­лып­тасқан мемлекеттіңжаңа сая­­си бағыты» атты Жол­дауын іске асыру жөнінде сай­лау­шы­ларқандай ой-пікірлерін біл­дірді?

– Елбасымыз өз Жолдауында әлеу­меттік саясаттың жаңа прин­циптеріне арнайы тоқталған болатын. Еліміздің азаматтары үшін экономика мен бюджеттің өсіміне тікелей тәуелді болатын ең төмеңгі әлеуметтік стандарттар мен кепілдіктер белгілеуіміз керек. Осыған байланысты біздің сайлаушылар мемлекеттің зейнеткерлерге, мүгедектерге, еңбекке жарамсыздарға, науқас балаларға және т.б. әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарға атаулы көмек үшін толық жауапкершілік алатынына ризашылықтарын білдірді.

Қазіргі таңда облыста Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында бірқатар кәсіпорындар ашылып, жаңа жұмыс орындары белгіленіп отыр. Мемлекет жұмыссыздарды оқыту мен қайта даярлаудан өткізуге, яғни оларға әлеуметтік қолдау көрсете отырып, жаңа мамандық игеруіне қолдау көрсетуде. Ендігі жерде біздің жұмыс берушілер халықтың әлеуметтік жағдайы төмен топтарын жұмысқа белсене тартып, оларды еңбекақымен қамтамасыз ететіндей жағдай жасау керектігіне сайлаушылар да назар аударды. Елімізде жүзеге асып жатқан «Жұмыспен қамту» бағдарламасы бойынша бірнеше мәселеге тоқталып, олар жергілікті атқарушы билікке нақты іс-шаралар жасау жөнінде ұсыныстарын жеткізді.

– Өзіңіз туып-өскен өңірмен тығыз байланыстасыз ба? Ақ­төбеоблысының қандай эко­но­микалық, индустриялық же­тістіктерін ерекшеайтар едіңіз?

– Мәжіліс депутаты бола отырып, әрине, мен Ақтөбе облысымен тығыз байланыстамын. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы әрқашан біздің назарымызда. Баршаңызға белгілі, біздің негізгі қызметіміз заң шығарушылық болып табылады. Осыған байланыс­ты елімізге қажетті заң жобаларын қарастыра отырып, өзіміздің ұсыныстарымызды енгізуге тырысып келеміз. Жылына төрт рет сайлаушылармен кездесіп, олардың ой-пікірлері мен ұсыныстарын заң шығарушылық қызметімізде қолданудамыз.

Ақтөбе облысының индус­триялық жетістіктеріне келсек, олар мынадай. Тау-кен өндіру және мұнай-газ саласында «СНПС-Ақ­тө­бемұнайгаз» АҚ-тың жалпы ин­вестиция көлемі 51,0 млрд. теңгені құрайтын үш ірі нысан іске қосылды, мыс-мырыш ке­нін қайта өңдейтін №2 байыту фаб­рикасы («Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС) кен байыту үде­рісі озық технологиялар не­гі­зін­де құрылды. Өнімді өткізу Қа­зақстанның ішкі нарығына, Ре­сей, Қытай және басқа елдердің нарықтарына бағдарланған. Мыс концентратын өндіру жүр­гі­зі­леді, мыс құрамы 20%, мырыш концентраты 50% болмақ. Сон­дай-ақ, «Восход» кенішіндегі жерасты рудник-шахтасында («Вос­ход Ориел» ЖШС) әлем­дік фирмалардың заманауи жаб­дық­тарын қолдану арқылы тау-кен ұңғымаларын жасаудың жаңа әдістері пайдаланылуда. Өнім­дерді өткізу шетелдік на­рыққа бағдарланған, 40% хром концентраты Ресей Фе­де­ра­циясы, Ұлыбритания на­рық­та­рына түсетін болады, ал қалған бөлігі Қытайға экспортталады. Бұл әлемдік хром нарығындағы Қа­зақстанның беделін нығайта­тын болады. Сондай-ақ, халықты еңбекпен қамтуды қамтамасыз етеді, Хромтау ауданының бір­қатар әлеуметтік мәселелерін ше­шеді. Газды пайдаға асыру кешені жұмыс істеуде, оның қуаты жылына 420,0 млн. текше метр газ, құны 42,0 млрд. теңге («Казахойл Ақтөбе» ЖШС). Сонымен қатар, кенді қайта өңдеу және катодты мыс кенін өндіру кешені бар, оның қуаты жылына 7 000 тонна катодтық мыс, құны 5,0 млрд. теңгеден астам («КазКуппер» ЖШС). Өндірісте сұйықтық экстракция және электролиз технологиялары қолданылады, ол­ар жоғары технологиялық өнді­ріске жатады әрі Қазақстан аумағындағы өнер­кәсіптік ауқымда теңдесі жоқ. Шығарылатын өнімдері – ка­тодтық мыс, сым, шина, ка­тан­калар, профильдер және басқа көп­теген бұйымдар.

Құрылыс индустриясында – виб­­ропрестелген және қыш бұ­йымдарды шығару зауыт­тары («СпецТрансСтрой Ком­па­ни» ЖШС, «Ситал-2» ЖШС, «Ақтөбеқұрылысмон­таж» ЖШС), жергілікті ши­­­­­кі­­­­­­зат­­­­тан қиыр­шық тас шығаратын үш зауыт («Мұғал­жар­­Мұнай­Құ­ры­­лыс» ЖШС, «Теміржол­ Құ­ры­лыс ­­Аты­рау» ЖШС, «Ком­пания Текше Тас» ЖШС), ме­­­талл құрылғыларын шы­ға­ра­тын зауытты жаңғырту жұ­­мыстары жүргізілді. Поли­эти­лен құбырлар («Ақтөбе­құ­рылысхиммонтаж» ЖШС), по­ли­уретанды композициядағы («По­лимерМұнайГаз» ЖШС), бел­сендірілген және белсенді­ріл­меген минералды ұнтақ («Ба­тыс ­Даму Жол» ЖШС), дә­не­кер­леу электродтары («Электрод және К-Ақтөбе» ЖШС) шығаратын зауыттар қарқынды жұмыс іс­теуде. Ал химия саласында Батыс Қа­зақстандағы жарылғыш зат­тарды шығаратын бірегей зау­ытты («КазЦКУБ Нитрохим» ЖШС) атап өткен жөн. Сондай-ақ, Шилісай кеніші базасындағы фос­форитті ұн өндірісі («Темір Сер­вис» ЖШС) бар. Аталмыш жо­баны жүзеге асыру күрделі ми­нералдық тыңайтқыштарды шығаруда ауқымы ірі ха­лықаралық ықпалдасқан жоба­ны жасаудың бірінші сатысы бо­лып табылады, мұндағы ин­вестиция көлемі 45,0 млрд. тең­геден асады. «СКРП-Аманат» ЖШС-і жылына 7,5 мың тонна химиялық реагенттер шығарып, өнімді жылына 25% ұлғайтатын болады. Индустрияландыру кар­та­­­сы шеңберінде жүзеге асырыл­ған жобалардың бірі батыс ай­мақтағы бірегей көлік-ло­гистикалық орталықтың жо­ба­сы болып табылады. Ол жал­пы ауданы 13 мың шаршы км. 3 терминалды қамтиды. Ке­ліп түсетін жүктерді өңдеу за­манауи жабдықтарды пайда­лану арқылы жүргізіледі. Та­у­арлар туралы барлық ақ­па­рат онлайн режімінде мо­бильді тер­миналдарға беріледі.

Көлік-логистикалық орта­лықтың Ақтөбе облысының эко­номикасын дамытуда стра­тегиялық маңызы бар. Өйткені, Ақ­төбе темір жолдар, әуе қатынастары өтетін ірі көлік то­рабы болып табылады, ал та­­­­­яу уақытта «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автома­гистралі де іске қосылмақ.

Облыстағы сүт өң­деумен айналысатын ірі кәсіп­орын­дар­дың бірі  «Айс» ЖШС, ол Мәр­төк ауданында 1100 бас сиыр­ға арналған сүт-тауарлы фер­­ма құрылысының жобасын іс­ке асырды. Жобаны іске асы­ру кезінде сүт өндірудегі «Van Der Ploed» голландиялық фир­масының ең заманауи технологиялары қолданылды. Бұл кә­сіпорындағы еңбек өнім­ді­лігін 3 еседен аса арттыруға мүм­кіндік береді. Машина жасау саласында Ақ­төбеде еліміздегі бірегей ме­­дициналық техника жасау­­шы болып саналатын «Актюб­рентген» АҚ-та компьютерлік томографтар шығару жобасы іс­ке асырылды.

Әңгімелескен

 Серік ПІРНАЗАР,

«Егемен Қазақстан».