Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2019

Маңғыстауда жауынгерлік авиацияның қатысуымен оқу-жаттығулар өтіп жатыр

135 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысында әскери ұшақтардың қатысуымен барлау бөлімшелерінің арнайы тактикалық жаттығулары өтіп жатыр. Оқуға барлығы 500 әскери қызметші мен 50 бірлік жауынгерлік техника жұмылдырылған. Бұл туралы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы Басқармасының баспасөз қызметінен капитан Рустем Игисинов хабарлады.

Маңғыстауда жауынгерлік авиацияның қатысуымен оқу-жаттығулар өтіп жатыр

Мұндай тактикалық және арнайы жаттығулар оқу бөлімінің негізгі және барынша тиімді түрі болып табылады.

Жеке құрам жауынгерлік дайындықтың жоғарғы деңгейіне келтірілді, әскери қызметшілер өздері әскери полигон аймағына марш жасап, барлау-әздестіру іс-қимылдарына кірісті. Ауа-райының қолайсыздығы оқуға қиындық туғызды. Полигон аймағында шаңның және ауа температурасының 44 градусқа дейін көтерілуі байқалды.

Оқу-жаттығу барысында барлау бөлімшелерінің арнайы күштеріне Әуе қорғанысы күштерінің көп мақсатты Ми-8 тікұшақтары әуеден қолдау көрсетуді, ал жерден минометтер атыс қолдаудын қамтамасыз етсе, «Град» дүркін атыстың зымыран жүйелері мен «Батыс» өңірлік қолбасшылығының гаубицалары жүзеге асырды.

Барлаушылар жауынгерлік міндеттерді орындауға барынша дайын екендерін көрсетті.

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты өзінің тікелей міндеттерін орындау бойынша жеке құрамның әзірлігін тексеру. Барлаушылар алған теориялық білімдерін, машықтары мен ептіліктерін іс жүзінде нақтылайды.

 

 

Маңғыстау облысы