Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2019

Жас лейтенанттар мен сержанттар Қарулы күштердің қатарын толықтырды

581 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының қарамағына келген 2019 жылғы әскери оқу орнының  120-дан астам офицерлері мен кадеттері лауазымға тағайындалар алдындағы жиындарын өтуде. Бұл туралы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы Басқармасының баспасөз қызметінен капитан Рустем  Игисинов хабарлады.

Жас лейтенанттар мен сержанттар Қарулы күштердің қатарын толықтырды

Қазақстандық және шетелдік жоғары әскери оқу орындары мен Қорғаныс Министрлігінің Кадет Корпусын аяқтаған биылғы түлектер «Батыс» өңірілік қолбасшылығына келіп, Ақтау қаласында алғашқы оқу жиындарынан өтуде. Он күндік жиынның барысында жас әскери қызметшілермен жауынгерлік даярлықтың негізгі пәндері бойынша сабақтар, әскери техника мен қару-жарақты қолдану, жеке құраммен жұмыс жасауды ұйымдастыру бойынша тренингтер өтуде. Жиынның басты мақсаты – олардың оқу орнынан әскери бөлімге келгендегі адаптациясын жеңілдету, лауазымын қабылдар алдындағы керек кеңестерді беру, тәрбие жұмысы мен жеке құрамды оқыту барысындағы ерекшеліктерді түсіндіру болып табылады. Биылғы жылы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына 60-тан астам жас офицерлер мен 70-ке жуық жас сержанттар келіп қосылды, олар Ақтау, Ақтөбе және Атырау гарнизондарындағы әскери бөлімдері бойынша жолдама алды.

Сонымен қоса, жиын барысында жас офицерлер мен сержанттар Қарулы күштердің ардагерлерімен, әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмысты ұйымдастыру қызметі өкілдерімен кездесіп, бата-кеңестерін алды. Отырыс соңында Құрлық Әскерлерінің Әскери институтының 2018 жылғы үздік түлегі лейтенант Олжас Қуандықовтың бір жыл ішінде еңбек жасап, аз уақытта қатарынан бірінші болып рота командирі дәрежесіне жету жолындағы құпияларымен бөлісті.

Жиын қорытындысы бойынша үздіктердің қатарында лейтенант Жұмағазиев Ердос (30238 әскери бөлімі, Актобе қ.) және лейтенант Ғалымзат Нұрислам (99116 әскери бөлімі, Бейнеу ауылы) көрінді. Шоқан Уалиханов атындағы Кадет Корпусының түлектері арасынан кіші сержант Әділет Серікбаев (41433 әскери бөлімі, Атырау қ.) көзге түсті. Олар тактикалық, дене және атыс дайындығынан жақсы нәтижелер көрсете білді. Сонымен қоса, жас офицерлердің арасында Қытай Халық Республикасында оқып келген түлектер де болды, жақын арада Түркиядағы «Гүлхане» Әскери-медициналық Академияда оқыған медицина қызметінің лейтенанттары келуі тиісті.

- Бірнеше жылдан бері жас офицерлер мен сержанттардың жиының өткізіп келемін. Оның барысында жыл сайын жас офицерлердің теориялық дайындығының және кәсіби әзірлігінің артып жатқан тенденциясын бақылаудамын. Бұл өз кезегінде әскери кадрларды дайындау кезіндегі тиянақтылық пен жауапкершіліктің бар екенін, жеке құрамның әскери өмірге толық дайын командирлердің қолына тапсырылып жатқанын білдіреді, дейді «Батыс» өңірлік қолбасшылығын әскерлері қолбасшысының орынбасары тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары полковник Серік Сейітбаев.

Жиынның аяқталуымен жас офицерлер мен сержанттар алғаш лауазымдарына тағайындалып, өз міндеттерін орындауға кіріседі.