Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2019

Маңғыстау облысы әкімінің экс-орынбасарына үкім шықты

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2017-2018 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған С.Аманғалиевке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 4 бөлігімен келіп түскен қылмыстық іс бойынша сот үкімі жарияланды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Маңғыстау облысы әкімінің экс-орынбасарына үкім шықты

С.Аманғалиев мемлекеттік қызметке және мемлекеттік басқару қызметіне қарсы аса ауыр көлемде сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдік бойынша 05.11.2018 жылы сот санкциясымен қамауға алынған.

Яғни, ол 3.11.2018 жылы сағат 18.40 шамасында Ақтау қаласындағы халықаралық әуежай территориясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро қызметкерлеріне ұсталып, С.Аманғалиевтан 115 000 еуро көлемінде ақшалай қаражат табылған.  

Сот үкімімен С.Аманғалиев ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 4 бөлігімен кінәлі деп танылып, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот ҚР Қылмыстық кодексінің 49-бабы 2 бөлігіне сай, ҚР Президентіне С.Аманғалиевті «Құрмет» ордені наградасынан айыру туралы ұсыныс енгізді.

Қылмыс орнында алынған 115 000 еуро көлеміндегі ақшалай қаражат мемлекет кірісіне алынды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Маңғыстау облысы