Сондай-ақ Директорлар кеңесінің шешімімен осыған дейін кәсіпорын президентінің қызметін атқарып келген Андрей Сафоновтың өкілеттігі басқа жұмысқа ауысуына байланысты тоқтатылды.
Рустам Ибрагимов Жүсіп Баласұғын атындағы Қырғыз ұлттық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған. РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының «Іскерлік басқару шебері» мәртебесін алған.
Оның еңбек жолы ұзақ уақыт бойы Еуразиялық Топпен тығыз байланысты. Басқарушы компанияда жетекшілік лауазымдарды атқарған. «ERG-дің Коммерциялық орталығы» ЖШС басқарған. 2018 жылғы мамырдан бастап қазіргі қызметіне дейін «Шұбаркөл көмір» АҚ бірінші вице-президентінің қызметінде болды.
Жаңа басшы қызметіне 1 қыркүйектен бастап кірісті.
«Шұбаркөл көмір» – Қазақстандағы күлділігі аз жоғары сапалы көмір өндірушісі. Сонымен қатар, кәсіпорын кокс газынан арнайы кокс пен электр энергиясын өндірумен айналысады. ERG компаниясы Еуропа, Азия және әлемнің басқа да жерлеріндегі 20-дан астам елге көмір жеткізеді.
Қарағанды облысы