Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2019

Қостанайда Ұлт көшбасшысы атындағы көше пайда болды

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында депутаттар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлт көшбасшысы құрметіне көше атын беру туралы бастамасын қолдайтындықтарын білдірді.

Қостанайда Ұлт көшбасшысы атындағы көше пайда болды

«Еліміздегі барлық қалалар мен аудандарда Елбасының атына көше беру туралы ұсыныстар түсті. Бұл эстафетаны біздің өңір де қабылдап алды. Облыстағы ірі кәсіпорындардың, ауыл шаруашылығы құрылымдарың басшылары, автомобиль жолдары колледжінің ұжымы және жеке адамдар Қостанай қаласында Елбасының атына көше беру туралы ұсыныспен шықты. Қоғамдық таңдауға 250 адам қатысты» деді облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлжан Меңдекенова. Гагарин атындағы көшені Нұрсұлтан Назарбаевтың атына өзгерту туралы облыс әкімдігінің ұсынысы республикалық ономастика комиссиясында қаралып, мақұлданды. Комиссиясың сол отырысында «Аэропорт» шағын ауданындағы бір көшеге дәрігер Дмитрий Герасимовтың атын беру туралы ұсыныс та қаралып, қолдау тапты.

Гүлжан Меңдекенова облыс орталығындағы Гвардейская көшесі енді Гагарин аталатынын және тақтайшаларды өзгертуге бюджет қаржысы жұмсалмайтынын, жұмыстар демеушілер есебінен атқарылатынын айтты.

 

Қостанай