Осыған орай, өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзбеушілік, адалдық, әділдік, парасаттылық және отансүйгіштік сияқты құндылықтарды қалыптастыру мақсатында Маңғыстау облысының білім беру мекемелерінде «1 қыркүйек – Білім күні» мерекесіне орай «Адалдық сағаты» шарасы өткізілді.
Шараларды өткізуге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері, «Маңғыстау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мүшелері, «Нұр Отан» ХДП Маңғыстау облыстық филиалының, «Азаматтық альянс» заңды тұлғалар бірлестігі және Арнайы мониторингтік топ өкілдері лекторлар ретінде қатысты.
Әрбір лектор өз сөзінде Агенттік пен Департамент тарапынан атқарылып жатқан жұмыс жайында, осы шараға арнайы дайындалған бейнероликтерді көрсете отыра тыңдаушыларға сыбайлас жемқорлықтың теріс салдары жайында жеткізді.
Жалпы, шарамен облыстың 141 орта білім беру мектептері, 19 колледжі және 2 жоғары оқу орны қамтылды.
Бұдан бөлек, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде өткізілген шарамен қатар, Департамент басшысының бірінші орынбасары Серік Қаныбеков облыс тұрғындарына жергілікті «Маңғыстау» теледидарына сұхбат беру арқылы аталған тақырып жайында түсіндірме берді.
Осы шараларды жүргізу барысында тыңдаушылардың тақырып бойынша көкейдегі сұрақтарына нақты жауап берілді және олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы алда өткізілетін іс-шараларға белсенді қатысуға шақырылды.