27 Наурыз, 2013

Еңбек шартына қол қойды

342 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Еңбек шартына қол қойды

Сәрсенбі, 27 наурыз 2013 2:19

Өткен жылдың аяғында то­лық­тырулар мен өзгерістер енгізілген «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң талабы кешеден бастап күшіне енді. Осыған байланысты енді әр өңірдегі мемлекеттік қызметкерге қойылатын талап та, жүктелетін міндет те өзгерді. Өңірдегі сая­си қызметкерлер санатына 7 лауа­зымды тұлға, яғни облыс әкімі мен оның 5 орынбасары, Аты­рау қаласы әкімі енгізілді. Со­нымен бірге, мемлекеттік қыз­мет­тегі жаңа модуль бойынша мемлекеттік қызметкерлер «А» және «Б» корпусына бөлініп отыр. Соның ішінде «А» корпусының өзі 1 және 2 санат болып екі топ­қа бөлінеді. Мәселен, Атырау об­лы­сында бірінші санаттағы топқа Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің облыстағы басқарма бастығы – тәртіптік кеңес төрағасы, облыс әкімі аппаратының басшысы және 7 аудан әкімі енді.

«А» корпусының 2 санатына облыстық тексеру комиссиясының төрағасы мен осы комиссияның 4 мүшесі, барлығы 5 мемлекеттік қызметкер енгізілді. «А» корпусының лауазымдарына қабылдау «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметі кадр резервіне кірген тұлғалар қатарынан жүзеге асады. Ал «Б» корпусындағы лауазымдарға орналасу үшін конкурстарға тек қана шекті мәннен кем емес тестілеу нәтижелері туралы сертификаты бар азаматтар қатысады.

Бұл мәселе Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы жаңа ережеге сәйкес реттеледі. Лауазымдары «А» корпусына өткен мемлекеттік қызметшілер келесі оқиғалардың біреуі басталғанға дейін жұмыстарын жалғастырады:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте жоғарыда көрсетілген алты ай уақыттың ішінде осы лауазымға орналасқанға дейін (бұл мезгіл ішінде Ұлттық комиссия «А» корпусының кадр резервіне іріктеу жүргізеді);

2) егер осы лауазым жоғарыда көрсетілген алты ай уақыттың ішінде толтырылмаса, осы мезгілдің бітуі бойынша, яғни 2013 жылдың 25 қыркүйегі.

Осы мемлекеттік қызметшілермен жоғарыда көрсетілген оқиғалардың басталғанына дейін жарамды еңбек шарты жасалады. Еңбек шарттары лауазымға тағайындауға құқығы бар тұлғамен (органмен) жасалады. Осылайша, еңбек шарты мынадай жағдайда алты айға дейінгі мерзімде бұзылады:

лауазымы «А» корпусына өткен мемлекеттік қызметшінің осы лауазымға орналасуы;

немесе осы лауазымға басқа кандидаттың орналасуы.

Егер аталған оқиғалардың біреуі басталмаса, онда еңбек шарты алты ай мерзімнің бітуіне байланысты бұзылады.

Іріктеу рәсімдерінен өткен мемлекеттік қызметшілермен («А» корпусының кадр резервіне кіру, кадр резервінен тағайындалу) 4 жыл мерзімге жаңа еңбек шарты жасалады.

«А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне кіргізу Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның шешімімен жүзеге асады. Ұлттық комиссия аумақтық кадр комиссияларының жұмысын үйлестіреді. Ұлттық комиссияның шешімі бойынша кадр комиссиялары «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерімен әңгімелесу жүргізеді. Облыстық деңгейде бұл комиссияның құрамында төрағаны қоса есептегенде 5 мүше, атап айтқанда, облыс әкімі, Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Атырау облысы бойынша басқарма бастығы – тәртіптік кеңес төрағасы, облыстық мәслихат хатшысы, облыс әкімі аппаратының басшысы және облыстық тексеру комиссиясының төрағасы бар.

Кешеден бастап өңірдегі 7 аудан әкімі 6 айға еңбек шартына қол қойды. Осы кезең ішінде аудан әкімдерінің лауазымына конкурс жарияланады. Аймақтық комиссия мүшелері аудан әкімі лауазымына үміткерлердің құжатын мұқият тексереді. Мақсат – елдік, ұлттық мүддені көздейтін, халық пен биліктің арасын бүгінгіден де жақындата түсуге дәнекер бола алатын отаншыл тұлғаны таңдау.

Мұхит ІЗБАНОВ,

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

Атырау облысы бойынша басқармасының

бастығы – тәртіптік кеңес төрағасы.