«А»-ға ауысу
Сәрсенбі, 27 наурыз 2013 2:21
Алда не күтіп тұр?
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында орталықсыздандыру идеясын ұсынып, оның мәні ең алдымен мемлекеттік басқару жүйесінің сапалық өзгерісін көздейтінін атап көрсеткен болатын. Осыған орай «Мемлекеттік қызмет бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға орай, 26 наурыз, яғни кешегі күннен бастап, елімізде мемлекеттік қызметтің жаңа моделі енгізілген еді.
Сәрсенбі, 27 наурыз 2013 2:21
Алда не күтіп тұр?
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында орталықсыздандыру идеясын ұсынып, оның мәні ең алдымен мемлекеттік басқару жүйесінің сапалық өзгерісін көздейтінін атап көрсеткен болатын. Осыған орай «Мемлекеттік қызмет бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға орай, 26 наурыз, яғни кешегі күннен бастап, елімізде мемлекеттік қызметтің жаңа моделі енгізілген еді.
Төменде осы демократиялық өзгерістерге байланысты өңірлерде жүргізілген сауалдамаға орай жауаптар жарияланып отыр.
__________________
Алғышарттарға негіз бар
«Мемлекеттік қызмет бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға орай 26 наурыздан бастап елімізде мемлекеттік қызметтің жаңа моделі енгізілді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауында айтылған қағидаттарды жүзеге асырудағы мақсат – халыққа және мемлекетке қызмет етуді барлығынан жоғары қоятын кәсіпқой мемлекеттік аппарат қалыптастыру. Енді дәстүрлі әкімшілік жүйені мемлекеттік қызметтің кадрлық құрамын іріктеу және кәсіби даярлықтың жетілдірілген әдістемелерін енгізу талаптары алмастыратын болады.
Мемлекеттік аппараттың реформалануынан ұтарымыз көп. Ең бастысы – кәсіби басқарушылар корпусын жасақтау нәтижесінде мемлекеттік қызметтің сапасы түбегейлі артатын болады. Олардың үлкен шоғырын «А» корпусына біріктіру арқылы ерекше кәсіби, біліктілік талаптары жүктеледі. Отандық заңдарды білу, мемлекеттік тілді меңгеру, проблемаларды шеше білу, халықпен қоян-қолтық байланыс жауапкершілігі бірінші кезекке қойылады. Бұл жаңа тұрпатты топ қандай да бір артықшылықтарға ие болады деген сөз емес. Керісінше, іріктеу барынша ашық та қатаң жүргізіліп, кәсіби іскерлігі жоғары, халық, ел мүддесін бірінші орынға қоятын кадрлар резервін жасақтауға мүмкіндік туады. Бұдан былай мемлекеттік қызметкерлердің жеке тұлғалық құзыретін бағалау, өз қызметіне лайықтылығы шынайы жұмысымен өлшеніп, мемлекеттік бағдарламалық тапсырмаларды орындауы қатаң сұралатын болады. Осылайша жеке жауапкершілікті күшейту «командалық» сапырылысқа тыйым салары, мемлекеттік аппараттың жұмысын түбегейлі жақсартары, жемқорлықпен күресті күшейтері анық.
Мемлекеттік қызметкерлердің ойлау деңгейі, жұмыс істеу жүйесі әртүрлі. Араларында өз істерін жетік білетіндері де, әупіріммен жүргендері де бар. Ал «А» корпусын құру мемлекеттік қызмет саласында еңбек еткісі келген кез келген адамды, әсіресе, жас буынды отандық басқару жүйесіне кеңінен тарта отырып, кәсіби машығын төселдіруге, ұйымдастырушылық қабілетін шыңдауға алғышарттар жасайтыны кәміл.
Қайырлы ЕДІРЕСОВ,
Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының хатшысы.