Президент бизнесті қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламаларды жаңғырту керектігін айтып, «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша Үкіметке қосымша 250 млрд теңге бөлуді тапсырды.

Соның ішінде әлеуметтік аспектілерге – отбасылық кәсіп ашуға, соның ішінде көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың жеке іс бастауына мүмкіндік беру керектігін айтты.
Халыққа көмек ретінде берілген әлеуметтік төлемдердің инфляцияны күшейтіп, масылдықты өршіту қаупі бар. Сол қаражат кәсіп ашу үшін берілер болса, микро және шағын бизнесті көбейтіп, экономиканы оңалтуға ықпал етер еді. Мемлекет басшысы меңзеп отырған негізгі бағдар да осы.
«Соңғы 5 жылда Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 70 мыңнан жарты миллион адамға дейін көбейді. Әлеуметтік қолдауға бағытталған бюджет қаражатының көлемі 2017 жылдан бері 17 есе өсті» деген Президенттің айтуынша, бұл үрдіс қоғамда масылдық психологияны оятқан. Осы орайда, Үкіметтің ендігі міндеті – мемлекеттік қолдауды әлеуметтік әлсіз адамдарға берілген қаражат ретінде емес, тұрмысын оңалту үшін іс бастағысы келетіндерді көтермелейтін көмекке айналдыру.
Жыл басынан бері Үкіметтің әлеуметтік аз қамтылған азаматтарды қолдауы айтарлықтай артқаны анық. Ең төменгі жалақы көлемінің азаюы, табыс салығының төмендеуі, жалғызбасты аналар мен көп балалы отбасыларға жаңа әлеуметтік көмектің енгізілуі жалпы төменгі орта таптың күнкөрісіне оң әсер еткені анық. Нәтижесінде, Статистика комитетінің мәліметінше, былтырғы маусым айымен салыстырғанда биылғы маусымда халықтың нақты ақшалай кірісі 9,4 пайыз өсіп, 99 003 теңгені құрады. Халықтың табысы жалақы мен кәсіпкерлік қызметтен емес, негізінен әлеуметтік көмек есебінен өскен. Олай дейтініміз, орташа жалақы былтырғы екінші тоқсанмен салыстырғанда биыл екінші тоқсанда 8,9 пайызға ұлғайып, 186537 теңгені құрады. Орташа жалақы өсімі жалпы ақшалай табыстан төмен болса, демек кәсіпкерлік қызмет немесе әлеуметтік төлем айтарлықтай артты деген сөз. Ал 2019 жылғы маусымда халықтың атаулы ақшалай табыстарының құрылымында жеке кәсіпкерлік қызметтен түскен табыс 11,1%-ды, ал әлеуметтік трансферттер түріндегі табыстар 17%-ды құрағанын ескерсек, қазақстандықтардың ақшалай кірістерінің артуына бірінші кезекте әлеуметтік көмектің өскені түрткі болғанын байқаймыз.
Инфляцияның күшеюіне бірінші кезекте Үкіметтің әлеуметтік науқанының ықпал еткені байқалуда. Бұл туралы газетіміздің бұған дейінгі сандарында бірнеше рет жазған болатынбыз. Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев өткен айда Үкімет отырысында инфляцияның бекітілген 4-6 пайыз дәлізінен асып кету қаупі бар екенін ескерткен еді. Бас банкирдің айтуынша, оған азық-түліктің қымбаттауы әсер еткен.
Мәселен, соңғы бір жылдағы инфляция 5,4 пайыз болса, соның ішінде азық-түліктің қымбаттауы 9 пайызға жақындаған. Жыл басынан бергі сегіз айдың өзінде азық-түлік бағасы 6,1 пайызға өсіп отыр.
Ішкі өндіріс демекші, Үкімет әлеуметтік төлемдер үшін жұмсаған қаражатты ішкі өндірісті дамытуға микро және шағын бизнеске бөлгенде тиімдірек болар еді. Өйткені қазіргі жағдайда табысы көбейген халық инфляцияның күшеюіне себеп болып жатқанын жоғарыда айттық. Ал әлгі әлеуметтік қаражат халықтың «ішіп-жемі» үшін емес, кәсіп ашып, ішкі өндірісті дамытқанда халықтың тұтыну деңгейі өспес еді, сөйтіп инфляцияны да күшейтпес еді. Соның ішінде ауыл шаруашылығын, қосалқы үй шаруашылығын дамыту елдегі азық-түлік импортын азайтып, бұл өз кезегінде бағаның тұрақтануына мүмкіндік берер еді. Экономика ғылымдарының докторы, профессор Айгүл Майдырованың айтуынша, әлеуметтік әлсіз топ өкілдерінің алдымен өзін өзі асырап, кейін экономикаға үлес қосатындай кәсіпкер болуы бір күннің шаруасы емес. «Маслоу теориясы бойынша адам баласы ең алдымен өзінің күнделікті тұрмыстық қажеттіліктерін қанағаттандырмайынша, тұлға ретінде дами алмайды. Сол секілді әлеуметтік әлсіз топтағы азаматтардың тамағы тоқ, басында баспанасы болмайынша, кәсіпкер ретінде жетілмейді. Жалпы, кәсіпкерлік екінің біріне беріле бермейтін қасиет. Қазір біз тіпті кәсіпкерлікті пән ретінде оқытып жатырмыз. Сондықтан бұл саланы арнайы меңгермейінше, халықтың жаппай кәсіпкерге айналуы қиын. Ал бұл тұрғыда мемлекеттің міндеті әлеуметтік әлсіз топтың қамсыз өмір сүруіне мүмкіндік беру» деген экономист қазіргі таңда Үкімет бұл міндетін орындап отырғанын жеткізді. «Негізінен нарықтық экономикада халық үкіметке арқа сүйемеуі керек. Дегенмен, біздің ел әлеуметтік саясатты сақтап отыр», дейді экономист.
Қазақстан коронавирусқа қарсы Қытай вакцинасын сатып ала ма
Қазақстан • Кеше
Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Қарағандылық тележурналист Қасымның кинодағы рөлін сомдады
Аймақтар • Кеше
Әріптестік әлеуеті жеміс беруде
Аймақтар • Кеше
Мамыраев атындағы әскери-техникалық мектеп үздік атанды
Аймақтар • Кеше
Қостанайда E-Commerce орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Руханият • Кеше
3 мың еріктіге QazCovid-in вакцинасы егілді
Қоғам • Кеше
Қазақстандықтарды вакцинациялау мерзімі белгілі болды
Қазақстан • Кеше
«Menin Armanym» жүректерге жылу сыйлайды
Руханият • Кеше
Аудан әкімі қоғамдық кеңес алдында есеп берді
Аймақтар • Кеше
Оқушылар қоқыс жинайтын робот құрастырды
Аймақтар • Кеше
Марат Шоранов халықты COVID-19-ға қарсы вакцинациялау тәртібін түсіндірді
Коронавирус • Кеше
Алматыда балмұздақ байқауы өтті
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
«Қайсар» Түркияда жолдастық кездесулер өткізеді
Аймақтар • Кеше
Мәжіліс ратификациялық заң жобаларын мақұлдады
Парламент • Кеше
Елордада мектеп оқушылары робототехникамен айналысады
Аймақтар • Кеше
Қазақстан Чехия нарығына 45-тен астам өнім түрін жеткізе алады
Экономика • Кеше
Таразда жасырын ойын орны анықталды
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысының үздік полицейлері марапатталды
Аймақтар • Кеше
Қазақстан Еуропалық азаматтық авиация конференциясына қабылданды
Қазақстан • Кеше
Ақпараттық-ағарту штабының жұмысы – ашықтықты талап етеді
Қазақстан • Кеше
Отандық төсек-орын өнімдері АҚШ пен Канадаға экспортталды
Экономика • Кеше
Видео • Кеше
Франция елшісі Қазақстандағы діни сенім бостандығына баға берді
Қазақстан • Кеше
Атырауда фитнес орталықтан ақша ұрлаған әйел ұсталды
Аймақтар • Кеше
«Қайрат» қақпашысы әлемдік рекорд жаңартты
Футбол • Кеше
iPhone 12 денсаулыққа зиян деп танылды
Технология • Кеше
Жаңа Lada Niva көлігі құрастырылуы мүмкін
Технология • Кеше
Түркістанда 100 адамның басын қосып, көкпар берген
Аймақтар • Кеше
Теміртауда қарияға қысым көрсеткен күдікті табылды
Оқиға • Кеше
Семейде екі автобус жол апатына түсті
Аймақтар • Кеше
Ордабасы ауданында 379 мал бордақылау алаңы жұмыс істейді
Аймақтар • Кеше
БЖЗҚ-ға алғашқы күні 10 мыңнан астам өтінім берілді
Қоғам • Кеше
Атырауда түрмеге телефон өткізбек болғандар қамалды
Аймақтар • Кеше
Шымкентте 5 мыңға жуық отбасы инфрақұрылым жүйесімен қамтылады
Аймақтар • Кеше
«SHYMKENT» ӘКК» 30 инвестициялық жобаны жүзеге асырады
Аймақтар • Кеше
Атыраудағы стационарларда 1 миллионға жуық дәрілік зат бар
Аймақтар • Кеше
Құдыққа құлаған құнанды құтқарып қалды
Аймақтар • Кеше
Арыста жоғалған бір үйір жылқы табылды
Аймақтар • Кеше
Германия шаруалары трактормен шеруге шықты
Әлем • Кеше
Қазақстанда 40 мыңнан астам автокөлік ұрланған
Қазақстан • Кеше
АҚШ әскеріндегі әйелдерге боянуға рұқсат берілді
Әлем • Кеше
Ұқсас жаңалықтар