Президент • 06 Қыркүйек, 2019

Мемлекет басшысы: Әкімдіктер халық үшін ашық болуы керек

436 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысында айтты.

Мемлекет басшысы: Әкімдіктер халық үшін ашық болуы керек

«Ұлттық кеңес мүшелері «Ашық әкімдік» тәжірибесін кеңінен таратуды ұсынды. Бізге басқарушылық мәдениеттің жаңа стандарттарына көшу керек. «Ашық әкімдік» жергілікті билік органдары мен халық арасындағы байланысты жақындастыруға мүмкіндік береді», деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, елордада Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы өтіп жатыр. Шараға Кеңес мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысуда.