Президент • 06 Қыркүйек, 2019

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысы басталды

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тәуелсіздік Сарайында Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бірінші отырысы басталды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысы басталды

«Бүгін дәл осындай жаңа форматта кездесіп отырғанымыздың өзі оң өзгерістерге бәріміздің мүдделі екенімізді көрсетеді. Халық бізден нақты ұсыныстар мен нәтиже күтіп отыр.
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі осы міндетті ойдағыдай жүзеге асыратын бірегей құрылымға айналады деп сенемін. Біз халық сенімін ақтауымыз керек. Әрбір азаматтың мүддесі біз үшін өте маңызды», деді Президент.

Кеңестің негізгі мақ­саты – жұртшылықтың, саяси пар­тиялардың, азаматтық қоғам өкіл­дерінің қатысуымен мемлекеттік саясатқа қатысты өзекті, маңызды мәселелер бойынша бастамаларды, ұсыныстарды тұжырымдау. Сонымен қатар тұжырымдамалардың, мем­лекеттік бағдарламалар мен нор­мативтік-құқықтық актілердің жобаларына қоғамдық сараптама жүргізу, жұртшылықтың, азаматтық қоғамның пікірін ескере отырып маңызды стра­тегиялық проблемаларды қарау, сындарлы диалогты қамтамасыз ету – кеңестің негізгі міндеттері.

Шараға Кеңес мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысып жатыр.