Бұған дейін 7 аталым бойынша өтіп келген конкурсқа биыл «Үздік оқытушы» номинациясы қосылды. Байқау шарты бойынша бұл сыйлық ересектерге мемлекеттік тілді оқытатын және тіл меңгеру саласында жаңа технологялар қолданған ұстаздарға беріледі.
Биылғы байқауда 8 аталым бойынша 43 үміткер бақ сынады. Басты сыйлық – «Тіл майталманы» жүлдесі Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың профессоры, филология ғылымдарының докторы, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі Жандос Смағұловқа бұйырды. Жеңімпазға 1 млн теңгенің сертификаты табыс етілді.
Қалған аталымдар бойынша мына үміткерлер жеңімпаз атанды:
«Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» – Мадинат Игенберлина, «Сәтбаев қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бас маманы;
«Тіл жаршысы» – Анна Строкова, «Е-Караганда» ақпараттық порталының тілшісі;
«Тіл білгірі» – Денис Романов, Жезқазған қаласының №3 «Білім-Инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы;
«Жас полиглот» – Мадияр Әбділрадов, «Мұрагер» БОМ химия және биология мұғалімі;
«Мемлекеттік тіл бизнесте» – Алмаз Мырзахмет, «Magzhan» printing house» ЖК;
«Үздік телехабар» – Аян Шәкен, 5-ші телеарнаның жүргізушісі;
«Үздік оқытушы» – Береке Жарылғапова, «Саран қаласының тілдерді дамыту орталығы» КМК әдіскері.
Жеңімпаздар дипломдармен және 250 мың теңгенің сертификаттарымен марапатталды
Еске салсақ, облыстық «Тіл жанашыры» байқауы 2012 жылдан бастап дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.
Қарағанды облысы