Президент • 06 Қыркүйек, 2019

Билік тізгінін ұстайтын жас менеджерлердің кадрлық резерві құрылады

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында айтты. 

Билік тізгінін ұстайтын жас менеджерлердің кадрлық резерві құрылады

«Ел Президенті ретіндегі тілегім - белсенді және мақсаты айқын жастарға, күрделі өмірде өз орындарын табуға мүмкіндік беру. Сондықтан біз бизнес жүргізу үшін жағдай жасаймыз, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан қабілетті балалар үшін жоғары оқу орындарында оқуға гранттар бөлеміз, дарынды балаларды іздейміз, біз үкіметтің тізгінін тапсыратын жас менеджерлердің кадрлық резервінің тізімін дайындаймыз», деді Президент.