Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығы №836
Сәрсенбі, 16 қаңтар 2013 6:16
2012 жылғы 29 қараша, Астана қаласы
«Тарификация бірліктерінің өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 2 ақпандағы № 43 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Сәрсенбі, 16 қаңтар 2013 6:16
2012 жылғы 29 қараша, Астана қаласы
«Тарификация бірліктерінің өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 2 ақпандағы № 43 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 35-бабының 1-1-тармағына сәйкес, бұйырамын:
1. «Тарификация бірліктерінің өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 2 ақпандағы № 43 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5573 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарификация бірліктерінің өлшемдерінде:
4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) халықаралық телефондық трафигі – 10 секунд (2014 жылғы 1 қаңтардан – 1 секунд);»;
5-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) халықаралық телефон байланысы:
таяу және алыс шетел желілерінде қосылуларды ұсыну кезінде – 10 секунд (2014 жылғы 1 қаңтардан – 1 секунд);
басқа байланыс операторлар желісінен таяу және алыс шетел желілеріне қосылуларды ұсыну кезінде – 10 секунд (2014 жылғы 1 қаңтардан – 1 секунд);»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) халықаралық роуминг кезінде ұялы байланыс – 30 секунд (2015 жылғы 1 қаңтардан – 10 секунд).».
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті (Р.Р. Нұршабеков) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі С.С. Сарсеновке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. ЖҰМАҒАЛИЕВ.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрілігінде 2012 жылғы 26 желтоқсанда Нормативтік-құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №8241 болып енгізілді.