Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2019

Зергерлік дүкенді тонаған күдікті жертөлені бұзып кірген

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Рудный қаласының полицейлері құны 5 000 000 теңге болатын алтын бұйымдарды ұрлауға қатысы бар күдіктіні ұстады.

Зергерлік дүкенді тонаған күдікті жертөлені бұзып кірген

Ұрлық 30 тамызда Корчагин көшесінде орналасқан «ГУМ» сауда орталығының бутиктерінің бірінде болған. Белгісіз азамат жертөледегі еденді бұзып, зергерлік дүкеннің алтын бұйымдарын қолды қылыпты. Бұл туралы Қостанай облыстық ПД Баспасөз қызметі хабарлады. 

Жедел тергеу іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 24 жастағы ер адамды ұстаған. Бүгінде күдікті кінәсін толық мойындап отыр.

"Бұл азаматтың тонаушыға бөтен мүлікті басқа тұлғаларға сатуға көмектескендігі белгілі болды", - дейді Рудный қалалық ПБ Криминалды полиция бөлімінің бастығы, полиция майоры Максим Греков.

Қазіргі уақытта екінші күдіктінің жеке басы анықталды, ұстау және іздестіру жариялау бойынша шаралар қабылданда.

Бүгінде ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ұрланған зат Қостанай қаласының ломбардтарынан жартылай тәркіленді.