Әлем • 07 Қыркүйек, 2019

Елбасы Мәскеудегі Қазақстан Елшілігінде болды

483 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясына жұмыс сапары аясында Мәскеудегі Қазақстан Республикасының Елшілігінде болды. Бұл туралы Ресей Федерациясындағы Қазақстан Елшілігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Елбасы Мәскеудегі Қазақстан Елшілігінде болды

Делегация құрамында Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Мамин және Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов болды.

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшісі Иманғали Тасмағамбетов делегацияны қарсы алып, қонақтарға Елшіліктің жаңартылған ғимаратын көрсетті. Сонымен қатар қонақтар Қазақстан-Ресей қатынастар мұражайын аралап, сирек кездесетін экспонаттармен танысты.

Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаев жиналған дипломаттармен амандасып, оларға сәттілік пен жемісті жұмыс тіледі.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Елбасы Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен кездесіп, халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесіндегі (ВДНХ) «Қазақстан» ұлттық павильонында болып, Мәскеу қаласы күніне арналған мерекелік шараларға қатысты.

 

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20