− Бүгінгі отырыс еліміз үшін өте өзекті шара болды деп айтуға толық негіз бар. Шынында да осы кеңестің төрағасы, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі таңда қоғамымызда талқыланатын мәселелерге жауап берді. Бұл – өте үлкен алаң. Дегенмен, бірнеше отырыстан кейін нақты нәтиже болады деп сенеміз. Бұл кеңесті Президенттің өзі басқарады. Меніңше, кеңес мүшелерінің айтқан ойлары, ұсыныстары өте орынды. Осы уақытқа дейін де бұл мәселелерді әлеуметтік желілерде талқылаған едік. Енді міне, осы мәселелер президенттік деңгейге шығып отыр. Біз алғашқы кездесуден кейін бірнеше нақты ұсынысты тобымызға жолдаған едік. Оны бүгін Айдос Сарым Президентке жеткізді, деді М.Споткай
Бұл туралы Максим Споткай Ұлттық кеңестің отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында айтты.
«Жастар» Сарайының жарты ғасырлық мерейтойы тойланды
Елорда • Кеше
«Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі «Дарын» сыйлығын иеленді
Мәдениет • Кеше
Алматы • Кеше
Президент Мәжіліс төрағасын қабылдады
Президент • Кеше