Аймақтар • 09 Қыркүйек, 2019

Армян, неміс, орыс жексенбілік мектептері жаңа оқу жылын бастады

389 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен  «Ван» армян мәдени орталығы» ҚБ армян жексенбілік мектебінің жаңа оқу жылының басталуына арналған мерекелік іс-шарасын өткізді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі хабарлады.

Армян, неміс, орыс жексенбілік мектептері жаңа оқу жылын бастады

Жаңа оқу жылының басталуымен балаларды Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова құттықтады. «Елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясының 23 этномәдени бірлестігі жанында 12 жексенбілік мектеп жұмыс істейді. Жексенбілік мектептерде сабақтар кешенді және жүйелі түрде өткізілді», – деп атап өтті Л. Құсайынова.

Армения Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Гагик Галачян да балаларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. «Балалар үшін ең бастысы – сапалы және жақсы білім алу. Қазақстан Республикасының Үкіметіне көрсетілген көмек үшін алғысым шексіз», – деді Г. Галачян. «Ван» армян мәдени орталығының төрағасы Саак Салумян жексенбілік мектепте атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде әңгімеледі. Оның айтуынша, осы жылда армян жексенбілік мектебінде 4 сынып бойынша 40 оқушы білім алатын болады.

«Возрождение» немістер қоғамының ғимаратында неміс жексенбілік мектебі  жаңа оқу жылының ашылуын өткізді. Германиядан арнайы келген мәдениет ассистенті Антон Хаур мерекелік іс-шараға қатысты. Сондай-ақ, мектепте «таңғы шеңбер», «танысу» ойындары өткізілді. Кейін балалар үш топтың әрқайсысындағы үш сабаққа қатысты. Ол неміс тілі, елтану, қолөнер сабақтары болатын. Интерактивті режимде оқушылар болашақ оқу жылынан күтетін үміттер мен тілектер туралы арнайы сабақ өткізді.

«Лад» РСД Астаналық филиалы» ҚБ орыс жексенбілік мектебі де 2019-2020 жылғы арналған  жаңа оқу жылына арналған алғашқы сабақтарын өткізді. Бұл жолы мектепке15-тен аса жаңа оқушы қабылданған. Алғашқы сабаққа жексенбілік мектеп оқушылар, ұстаздар, Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының мүшелері жиналды. Елордалық ҚХА хатшылығының бас маманы Гүлнар Тайгокова жаңа оқу жылымен құттықтап, орыс жексенбілік мектебінің тәжірибесі мен дәстүрлерін атап өтіп, оқушыларға табыс тіледі. «Лад» РСД Астаналық филиалы» ҚБ төрағасы Николай Шепелюк пен мектеп ұстаздары да мерекелік тілектерін арнады.

Қазақстандағы этностардың жексенбілік мектептері тіл, мәдениетті және салт-дәстүрлерді одан әрі дамыту мақсатында арнайы құрылған.